Тапшылық сезілгенде ғана АЭС салынуы мүмкін

19 Желтоқсан 2019, 15:20
1921
Бөлісу:
Тапшылық сезілгенде ғана АЭС салынуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жыл бойы көпшіліктің наразылығын тудырып, қоғамда қызу талқыға түскен тақырыптардың бірі – Атом электр станциясын салу мәселесі еді. 

Алайда, Энергетика министрлігі АЭС құрылысы жөнінде бірдеңе айтуға тым ерте деп отыр. Бұл туралы пікірін вице-министр Әсет Мағауов брифинг барысында жеткізді. 

Министрлік өзінің ресми мәлімдемесін жасады және біз соны ұстанамыз. Бүгінгі нарық электр энергиясы мен өндірісін толыққанды қамтамасыз етіп отыр. Егер болашақта электр энергиясы көзіне деген тапшылық сезілген жағдайда ғана станцияның қандай түрін салу туралы мәселе қозғайтын боламыз. Атомдық па, көмірлі станция ма, ол сол кезде белгілі болады. Сондықтан атом станциясын салу жөнінде айтуға әлі ерте. Дефицитке ұшыраған жағдайда ғана тандайтын боламыз, - деп жауап берді вице-министр тілшілердің сауалына. 

Өздеріңізге мәлім, бұған дейін бұрынғы ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев нақты шешім қабылданбас бұрын "қоғамдық тыңдаулар жүргізілетін болады" деп сендірген еді.

Айта кетейік, Энергетика министрлігі жылдың басты жобасы – Сарыарқа магистральдық газ құбырын 31 желтоқсанға қарай салтанатты түрде іске қосуды жоспарлап отыр. 

Өзгелердің жаңалығы