Қазақстандықтарға Танзанияға виза алу жеңілдеді

18 Қыркүйек 2019, 16:23
2281
Бөлісу:
Қазақстандықтарға Танзанияға виза алу жеңілдеді
PHOTO
Фото: Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Енді қазақстандықтар Мәскеуге бармай-ақ, визалық құжаттарды онлайн жібере алады.

Елордада Қазақстан МСМ Туризм индустриясы министрлігі, Танзанияның Ресейдегі өкілетті және төтенше елшісі (Қазақстандағы дипмиссияны қоса атқарады – авт.)  және ҚР СІМ-нің, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының, Kazunion туроператорының өкілдері кездесті. Сонымен қатар, келіссөзге Занзибар ақпарат, туризм және мұра министрі арнайы келді.

photo5192981233620069723.jpg

Кездесуде Қазақстан мен Танзания арасындағы туристің бизнес арқылы дипломатиялық қатынас орнату және туристік ағым алмасуы туралы келісімге келді. Сондай-ақ, екі жаққа визалық нормаларды жеңілдету мәселелері талқыланды. 

Енді Занзибар мен Танзанияға барғысы келетін қазақстандықтар турға 14 күн қалғанға дейін Мәскеуге виза үшін құжаттарын Kazunion туроператоры арқылы жібере алады. Бұған дейін Қазақстан азаматтары аталған елге виза алу үшін екі айға жуық күтетін. Себебі Қазақстан Ауғанстан, Пәкістан секілді қолайсыз 20 елдің қатарында тұр. 

«Занзибардың ақпарат, туризм және мұра министрі Махмуд Комбо жеке өзі бизнес өкілдерімен кездескені айрықша әсер қалдырды. Себебі Танзанияның туризм министрі өзі туып-өскен жерінің туризмін халықаралық аренада таныстырып жүр... Занзибар қазақстандық нарыққа ерекше ұсыныстар көрсете алады. Мәдениет, тіл, халық пен олардың декоративті қолданбалы өнері – жыл сайын туристері артып келе жатқан Занзибардың мақтанышарының бірі... Бұған дейін визаға құжатты Мәскеуге барып тапсыру, содан кейін 2 айдай оның жауабын күту керек болатын. Кеше СІМ, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен, Мәскеудегі елші, Танзаниядан келген министрмен өткен келіссөзден кейін визалық рәсімдер жеңілдеді. Қазақстандықтар Мәскеуге бармай-ақ, біздің компания арқылы құжатын жөнелтіп, виза ала алады», - деді Kazuninon компаниясының негізін қалаушы Лаура Галиева. 

Занзибар ақпарат, туризм және мұра министрі Махмуд Тхабит Комбо Қазақстанда елшілік ашу үшін келіссөз жүріп жатқанын және оған уақыт қажет екенін айтты.

«Танзанияның Мәскеудегі елшілігі 6 елді қамтиды, оның ішінде Қазақстан да бар. Қазақстан мен Танзания арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды. Қазақстанда елшіліктің ашылуы сияқты мәселелер – уақыттың еншісіндегі сұрақтар. Қазір біз дипломатиялық қарым-қатынасты шынайы іске айналдыру бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Біздің азаматтар екі елге өзара саяхат жасап, бизнес ашу мәселелерін дамытса деген ниетіміз бар. Қазір өз тарапымыздан визаны беруді жеңілдету бойынша бірқатар іс-шараны жүзеге асырып жатырмыз», - деді ол.

photo5192892353566846024.jpg

Сондай-ақ, министр Қазақстанға арнайы келу себебін түсіндірді.

«Министрдің бірінші міндеті – туризмді дамыту. Көптеген өзге де жұмысты атқаруы мүмкін. Алайда, ең алғашқы басымдық туризмді ілгерілету. Қазақстанға алғаш рет келуім. Қазақстандықтардың қонақжайлығы мен тағамы көңілден шықты. Енді қыс кезінде келгім келеді. Болашақта жоспарлап отырмыз», - деді ол.

photo5193115253779573665.jpg

Сонымен қатар, министр Танзанияда туристің бір апталық шығыны қанша болатынымен бөлісті.

«Салыстырмалы түрде алғанда ел арзан емес, қымбатқа шығатын елдердің бірі. Орташа есеппен бір адам тәулігіне 150 доллар кетіреді. Алайда, Занзибарда түрлі таңдау бар. Жатын орындарды қалтаңа қарай ыңғайластырып, қолайлысын табуға әбден мүмкін. Отбасылық және романтикалық демалысты өткізуге болады», - деді ол. 

Айта кетейік, Біріккен Танзания Республикасы Шығыс Африкада орналасқан мемлекет. Тілі – суахили. Валютасы – танзаниялық шиллинг.

Өзгелердің жаңалығы