Ақтөбеге танымал дзюдоист әкім болды

16 Наурыз 2020, 13:22
1610
Бөлісу:
Ақтөбеге танымал дзюдоист әкім болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстан дзюдо тарихында тұңғыш әлем чемпионатының жүлдегері атанған Асхат Шахаров Ақтөбе қаласының әкімі болып тағайындалды.

Жаңа әкімді қала активіне арнайы таныстырған өңір басшысы Оңдасын Оразалин алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Асхат Берлешұлы Шахаров 1978 жылы 3 қазанда туған. Білімі жоғары, 1999 Қазақ Мемлекеттік спорт және туризм академиясын, 2002 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық Университетін бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты. "Құрмет" орденінің иегері, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері. 2000-2004 жылдары Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің оқытушысы.

2004-2007 жылдары Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының оқытушысы.

2007 жылдан Ақтөбе облыстық "Олимпиада резервін даярлау орталығы" ММ директоры.

2013-2017 жыл аралығында Қаратөбе ауданының әкімі.

2017 жылдың 1 шілдесінен бастап Бәйтерек ауданы әкімі.

Өзгелердің жаңалығы