Әлеуметтік желіде танымал боксшы Жанқош Тұраров 28 жастағы қызды зорлады деген ақпарат тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оқиға 19 тамыз күні түнгі он бірлер шамасында болған. Алматы қаласы Әуезов ауданының полиция басқармасына тұрғын үйлердің бірінде зорлық жасалғаны туралы хабар түседі.
28 жастағы жәбірленуші танымал кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың үстінен арызданған. 34 жастағы спортшыны ұстау үшін тиісті шаралар қабылданып жатыр, делінген желідегі ақпараттта.
Алматы қаласының полиция департаменті бұл ақпаратты растады.
Келіп түскен арызға байланысты Әуезов аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазір оқиғаның толық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүріп жатыр, - деді ПД баспасөз қызметі.