TÁŃIRLIK TANYM коллекциялық монеталарын айналымға шықты

1 Қараша 2023, 18:30
533
Бөлісу:
TÁŃIRLIK TANYM коллекциялық монеталарын айналымға шықты
Фото: Ұлттық банк

Ұлттық Банк «Жаратылыс сырлары» монеталар сериясынан TÁŃIRLIK TANYM коллекциялық монеталарын айналымға шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

TÁŃIRLIK TANYM монетасының дизайны қиял-ғажайып өмір ағашы – «Бәйтерек» туралы аңызды бейнелейді.

Жиынтық коллекциялық монета тантал қондырмасы бар күрделі технологиямен жасалған.

Күміс сынамасы – 925/1000. Дайындау сапасы – proof, номиналы 500 теңгелік, дайындау таралымы – 500 (бес жүз) дана.

Монеталарды 2023 жылғы 3 қарашадан бастап интернет-дүкенінде сатып алуға болады.

Өзгелердің жаңалығы