Таңғы астан бас тарту қандай ауруларға әкеп соғатыны айтылды

18 Мамыр 2021, 17:58
3210
Бөлісу:
Таңғы астан бас тарту қандай ауруларға әкеп соғатыны айтылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытай ғалымдары зерттеу жүргізіп, ашығу бірнеше қауіпті ауруды туындатуы мүмкін деген қорытындыға келген. 

Бұл туралы жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасай отырып, «360» жазды.

Мамандардың айтуынша, күнделікті үш уақыт тамақтанатын ер адамдардан қарағанда таңғы асын ішпейтіндердің диабетке шалдығу қаупі 25%-ға жоғары болады екен. Диабеттің дамуына түрткі болатын басқа да факторларды ескермейтін болсақ, таңғы астан бас тарту аурудың даму қаупін 16%-ға арттырады.

Бұдан бөлек, таңертең аш жүретін адамдар артық салмақты тез жинап алуы мүмкін. Зерттеу барысында аптасына үш рет таңғы асын ішпеген адамдардың орташа салмағы екі келіге артатыны анықталды.

Қытай ғалымдарының пікірінше, балалардың таңғы асын ішпеуі өте қауіпті. Балалардың таңғы астан бас тарту ми қызметінің дамуына кері әсер етеді, когнитивтік қабілеттің едәуір төмендеуіне әкеліп соғады.

Таңғы асты тұрақты түрде ішпеу салдарынан өт қабына тас байланады, ишемияның, онкологиялық аурулардың, деменцияның пайда болуына септеседі.

Бұған дейін америкалық ғалымдар таңғы асты ішуге ең ыңғайлы уақытты анықтаған болатын. Мамандар 10 575 адамды екі топқа бөлді. Олардың жартысы таңғы асын 8:30-ға дейін, келесі жартысы 8:30-дан кейін ішетін болған. Белгілі болғандай, 8:30-ға дейін тамақтанатын адамдар диабет ауруына аз ұшырайды екен. Сондай-ақ олардың қанының құрамында қант мөлшері төмен болатын көрінеді.

Өзгелердің жаңалығы