Ғалымдар таңғы ас ішпеудің салдары қандай болатынын айтты

24 Шілде 2019, 11:15
3291
Бөлісу:
Ғалымдар таңғы ас ішпеудің салдары қандай болатынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бразилияның Сан-Паулу қаласындағы Медициналық университет ғалымдары, сонымен қатар олардың еуропалық әріптестері таңғы ас ішпеу жасөспірімдер арасында семіздіктің жоғары қаупін туындататынын анықтады. Бұл туралы MedicalXpress жазды. 

Сондай-ақ, таңғы ас ішпеуге дағдыланған балалар 2-типті қант диабетіне және жүрек-қантамыр ауруларына жиі шалдығатыны белгілі болды. 

Осы мәселені зерттеген ғалымдар Еуропаның оншақты ірі қалаларында тұратын 12,5-17,5 жас аралығындағы 3528 жасөспірім туралы мәліметтерді, сондай-ақ 14-18 жас аралығындағы бразилиялық 991 бала туралы деректерді жинап, саралады. Бұл зерттеу жұмысы ғалымдарға балалардың өмір сүру салтының, физикалық белсенділігі мен тамақтану рационының түрлі ауруларға шалдығу қаупі арасындағы байланысты жіті зерттеуге мүмкіндік берді. 

Жұмыс барысында балалардың дене массасы мен бойының индексі есепке алынды. Сонымен қатар, ғалымдар жасөспірімдердің белінің өлшемін алып, белдің бала бойына сәйкестігін де анықтады. 

Жасөспірімдердің тамақтану әдеттерін зерттей келе, таңғы ас ішпеуге дағдыланған балалар арасында семіздік белгілері жиі байқалған. Ғалымдардың айтуынша, таңғы асын ішпеген ұл балалардың белінің өлшемі, таңертең әрдайым тамақтанып жүрген балалардың белінің өлшемінен 2,13-2,61 үлкенірек болады. Ал қыздар арасында бұл көрсеткіш 1,97 сантиметрді құрады. 

Өзгелердің жаңалығы