Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Тамыздың аяғы күн райы қандай болады?

4 Тамыз 2025, 16:12
1365
Бөлісу:
 BAQ.KZ  - архив
Фото: BAQ.KZ - архив

"Қазгидромет" РМК тамыз айының аяғында ауа райы қандай болатынын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тамыз – жаз мезгілін аяқтайтын ай. Ай басында Қазақстанның көп бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі. 

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміз бойынша жаңбыр, найзағай, солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, орталықта, сондай-ақ оңтүстік-шығыс пен шығыс таулы аймақтарында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл, желдің күшеюі, ал оңтүстік өңірлерде шаңды дауылдар күтіледі. Айдың екінші және үшінші онкүндіктерінде «температуралық тербелістер» байқалады – ыстық күндер салқын әрі жауын-шашынды күндермен алмасып отырады, - деп жазылған "Қазгидромет" РМК хабарламасында. 

Еске салайық, бұған дейін күшті нөсер жауып, Жетісу облысында Сарыөзек ауылын су басып қалды

Өзгелердің жаңалығы