Қазақстанда қалып қойған Моңғолия азаматтары еліне қайтады

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Моңғолия&nbsp;Премьер-министрінің орынбасары, арнайы комиссияның басшысы Я.Содбаатардың шешімімен 2020 жылғы 30 тамызда Нұр-Сұлтан қаласынан Моңғолияға арнайы ұшақ ұшады&nbsp;деп хабарлады mnb.mn.</h4>

 18 Тамыз 2020 2020, 19:10
18 Тамыз 2020 2020, 19:10
1581

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Моңғолия Премьер-министрінің орынбасары, арнайы комиссияның басшысы Я.Содбаатардың шешімімен 2020 жылғы 30 тамызда Нұр-Сұлтан қаласынан Моңғолияға арнайы ұшақ ұшады деп хабарлады mnb.mn.

Нұр-Сұлтан қаласынан ұшатын ұшақ Қырғызстанның астанасы Бішкекке де аялдап, сол жердегі Моңғолия азаматтарын еліне алып кетеді. Қазақстан мен Қырғызстан астаналарында пандемия салдарынан еліне қайта алмай қалған 520-дан астам азамат бар. 

Айта кетейік, осындай мақсаттағы ұшақ 31 тамызда АҚШ-тың Сиэтл қаласынан да Моңғолияға қатынайды.

Наверх