Тамшылатып суаруды субсидиялау ережесіне өзгерістер енгізілді

12 Маусым 2024, 22:48
461
Бөлісу:
Тамшылатып суаруды субсидиялау ережесіне өзгерістер енгізілді
Фото: gov.kz

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау қағидаларына» өзгерістер енгізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атап айтқанда, суармалы сумен жабдықтау қызметтерін сатып алу бойынша шығындарды трансферттік өтінімдер арқылы су берушілерге тікелей субсидиялар төлеу арқылы өтеуді көздейтін жаңа тетіктер әзірленді.

Өзгерістер ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге субсидиялардың келуін күтпей-ақ, сумен жабдықтаушыларға оларды алғаннан кейін айырмашылықты төлемей, суармалы сумен жабдықтау қызметтерін жеңілдетілген бағамен сатып алуға мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы