Тамара Дүйсенова Премьер-министрдің орынбасары болды

8 Маусым 2023, 10:24
766
Бөлісу:
Тамара Дүйсенова Премьер-министрдің орынбасары болды
Фото: Арман Мухатов - архив

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, - делінген Ақорда таратқан ақпаратта.

Тамара Босымбекқызы Дүйсенова 1965 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келді.

1987 жылы Ташкент халық шаруашылығы институтын инженер-экономист мамандығы бойынша бітірген. Экономика ғылымының кандидаты.

Еңбек жолын 1988 жылы институтты бітірген соң Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданында информатика пәні мұғалімі ретінде бастады.

1988-1992 жылы Өзбек КСР Мемлекеттік жоспары жанындағы экономика және нормативтер ҒЗИ экономисті болып қызмет етті.

1992-1993 жылдары - Сарыағаш аудандық әкімшіліктің аға экономисті.

1993-1994 жылдары - «Перизат-холдинг» компаниясының бөлім басшысы. 1994-1997 жылдары - Сарыағаш ауданы әкімінің кеңесшісі, орынбасары және бірінші орынбасары.

1997-1999 жылдары - Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары.

1999-2002 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

2002-2006 жылдары -Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.

2006-2008 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

2008-2013 жылдары - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы.

2013 жылдың ақпанынан бастап - ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.

2013 жылдың маусымынан бастап - ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

2014 жылдың 6 тамызынан бастап - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі.

2018 - 2019 жылдары - «Нұр Отан» партиясының Хатшысы.

2019 жылдың шілде айынан бастап Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ директоры.

2020 жылдың мамырынан Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі.

2022 жылғы 11 сәуірден бастап Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметін атқарып келді.

Марапаттары «Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медальдарымен марапатталған.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін Тоқаев Алтай Көлгіновті Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары қызметінен босатқаны белгілі болды.

Өзгелердің жаңалығы