Тамара Дүйсенова Ана мен бала орталығына барды

1 Қыркүйек 2023, 19:08
622
Бөлісу:
Тамара Дүйсенова Ана мен бала орталығына барды

Білім күнінде Премьер-министрдің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мен Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев UMC Ана мен бала орталығында болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мұнда балалардың ем алуымен қатар, білім алуына да мүмкіндік бар. Мектеп жасындағы балаларға Орталыққа қабылданған сәттен бастап негізгі пәндер бойынша сабақтар ұйымдастырылады. Бүгінгі таңда UMC-те 46 бала білім алып отыр. 

Мемлекет білім алудың тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, конституциялық құқықтарды сақтау, балаларымызға жайлы және қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдап отыр. Балалардың дертпен күресе жүріп, соншалықты ерік-жігермен, білім алуға деген құштарлықтарына тәнтімін. Сіздердің әрқайсысыңыз жеңімпазсыздар, бәрін де еңсересіздер!,  - деді Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова.

 Орталық педагогтері де назардан тыс қалған жоқ. ҚР оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев әріптестеріне алғыс хат табыс етті. Айта кету керек, UMC Ана мен бала орталығы 2007 жылы ашылды, денсаулық сақтау ұйымы әйелдер мен балаларға жоғары мамандандырылған көмек көрсетіп келеді.

Өзгелердің жаңалығы