Аш қарынға салқын су ішкенде асқазанда ыңғайсыздық сезінген кезіңіз болды ма? Терапевт Полина Шубина мұның себебі салқын су асқазан-ішек бұлшықеттерінің жиырылуын ынталандырғанынан екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ doctorpiter-ге сілтеме жасап.
Дәрігер салқын суды іш қатудан зардап шегетін адамдар ішкені жөн екенін бөлісті. Ал жылы тағам ішек жиырылуын бәсеңдететіндіктен, қабыну мен диареясы барларға оң әсер етеді. Дегенмен маман тамақты тым қатты салқын не ыстық күйде тұтынуға болмайтынын да ескертті.
Тым ыстық тағам шырышты қабыққа теріс әсер етеді. Температурасы 60 градустан жоғары сусындарды күніне екі реттен жиі қабылдау өңеш онкологиясының даму қаупін екі есе арттыруы мүмкін, - деді терапевт.
Оның айтуынша, бұл жоғары температура шырышты қабықты күйдіріп, қабынуды тудыратынының әсері.
Температурасы 60 градустан жоғары тағамдар мен сусындарды гастроэзофагиальды рефлюкс ауруы, эозинофильді эзофагит және өңеш аурулары бар науқастар жиі тұтынбағаны абзал, - деп түсіндіреді Полина Шубина.
Сонымен қатар, Полина Шубина "суық диета" атты салмақ тастауға көмектесетін тамақтану түрінің бар екенін айтты.
Асқазан-ішек жолындағы ферменттердің белсендірілуі белгілі бір температурада жүреді. Егер тағамның температурасы жетпесе, май, ақуыз және көмірсулар бөлінбей, ішек арқылы бастапқы пішінінде өтеді. Бұл өз кезегінде өмірлік маңызды заттардың жетіспеушілігін тудырады, сонымен қатар бүкіл асқазан-ішек жолдарының микрофлорасының өзгеруіне әкеп соқтырады, - деп түсіндірді гастроэнтеролог.
Сонымен қатар, тіпті жылытпайтын жеміс-жидек, көкөніс секілді тағамдарды да тоңазытқыштан шығарғаннан кейін бірден жемеген дұрыс.
Бұдан бөлек, салқын тағам жүрек-қан тамырға да қауіп төндіреді.
Салқын тамақ бұлшықеттің ғана емес, тамырлар мен жүректің де жиырылып қалуына әсер етуі мүмкін. Оған қоса, төмен температурадағы тамақтан стенокардия өршиді. Бұған жүрек-қан тамыр аурулары, әсіресе жүректің ишемиялық ауруы бар науқастардың назарын аударуды ұсынамыз, - деді Полина Шубина.