Дәрігерлер тамаққа қақалып қалған зейнеткерді телефон арқылы аман алып қалды

14 Қазан 2019, 11:03
7137
Бөлісу:
Дәрігерлер тамаққа қақалып қалған зейнеткерді телефон арқылы аман алып қалды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таңғы ас ішіп отырғанда тамаққа қақалып қалған 68 жастағы Павлодар тұрғынының дауысы қарлығып, көгере бастаған, деп хабарлады pavlodarnews. 

Қуанышқа орай 103 қызметінің диспетчері зардап шеккен ер адамның туыстарына телефон арқылы дереу инструкция жүргізіп, зейнеткердің тыныс жолдарын ашуға көмектескен. 

Аймақтық жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәліметтеріне сәйкес, 68 жастағы зейнеткер таңғы ас кезінде қақалып қалған. Оның қарлығып, көгере бастағанын көрген туыстары дереу жедел жәрдем қызметіне хабарласқан. 

"Оқиға орнына шок бригадасы жіберілді. Дегенмен жедел жәрдем диспетчері телефон арқылы қашықтықтан зардап шеккен адамның туыстарына қалай шұғыл көмек көрсетуге болатынын айтып, инструкция жүргізді. Қорыққандарына қарамастан олар реанимациялық шараларды дұрыс жасаған. Мамандар оқиға орнына 6 минутта жеткен. Диспетчердің арқасында туыстары ер адамға дер кезінде көмектесіп, дәрігерлер келгенде ол өз бетінше демалып отырған. Қарап тексеруден кейін ер адам ауруханаға жатудан бас тартқан. Ал оның туыстары жедел жәрдем қызметкерлеріне шексіз алғысын білдіруде", - делінген хабарламада.

Павлодар облысының жедел жәрдем станцияларында барлық қызметкер тұрақты түрде реанимация негіздерін үйренеді. 

Зардап шеккен адамның негізгі белгілері: 

Кенет жөтеле бастайды, тыныс алуы жиілейді, көгеріп, естен танады. 

slide-34.jpg

Уикипедия ашық энциклопедиясының мәліметтеріне сәйкес, тамаққа қақалып қалған адамға келесідей алғашқы көмек көрсету қажет: 

Зардап шегушінің артына тұрыңыз, екі қолыңызбен білектеріңізді кіндіктен қабырғаға доға бұрышын жасап қойыңыз. Оң білек, түйілген жұдырықпен сол білектің үстіне қойылады. Зардап шегушінің ішін өзіңізге және жоғары қарай бірнеше рет қатты басыңыз. Тыныс алу жолдарынан бөгде зат шыққанға дейін орындаңыз. Егер зардап шегуші есінен танып қалса, оны еденге шалқасынан жатқызыңыз, басын шалқайтып "ауызға - ауыз" әдісімен екі рет ауа үрлеу әрекетін жасаңыз. Содан соң, зардап шегушінің үстіне бөксе жағына қарай отырып, айқастырылған білекпен, енді өзіңізден алға қарай және шамалы төмен жағынан ішін басуды жалғастырыңыз. Әрбір 5 басудан кейін ауыз қуысын қарап отыру қажет. 1 жастан 8 жасқа дейінгі балаларға бір қолмен жасалады. 1 жасқа дейінгі нәрестені тізеңіздің үстіне етпетімен жатқызып және алақанның сырт жағымен жауырынның ортасына бес рет жеделдетіп қағып соққылаңыз. Содан кейін оны шалқасынан жатқызып, төсінің ортасына бір немесе екі саусақпен басыңыз. Еш нәтиже болмаған жағдайда әдісті қайталалаңыз. Әдісті қолдану барысында нәрестенің басы кеудеден төмен болуы тиіс.

14.jpg

Өзгелердің жаңалығы