Талғат Смағұлов ел бойынша қандай бағыттағы жолдар жөнделіп жатқанын айтты 

2 Қыркүйек 2022, 11:32
1176
Бөлісу:
Талғат Смағұлов ел бойынша  қандай бағыттағы жолдар жөнделіп жатқанын  айтты 

Бұл туралы “ҚазАвтоЖол” өткізген брифингте компанияның бас инженері Талғат Смағұлов айтты, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.

Бүгінгі таңда ұзындығы 7 мың шақырымнан асатын республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын қайта жаңарту және жөндеу бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Оның ішінде 4 мың шақырымы қайта құрылыспен қамтылып, 3 мың шақырымға жуығы жөнделді. Республикалық маңызы бар жолдардың жалпы ұзындығы 25 000 шақырымды құрайды,-деді ол.

Оның айтуынша, республика бойынша республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 100-ге жуық  учаскесінде құрылыс жұмыстары жоспарланған.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ еліміздегі ұзақ мерзімді жол құрылысы жобаларында құрылыс-монтаж жұмыстарын қайта жандандыру бағытында біршама жұмыс атқарды. Бүгінгі таңда еліміздегі барлық ұзақ мерзімді жол құрылысы жобасы бойынша жұмыстар қайта жанданды,- деді ол.

Смағұлов құрылыстың кешенді жұмысы қандай бағыт бойынша жүргізіліп жатқанын айтты.

Осылайша, бүгінгі күні жұмыстардың толық кешені «Қарағанды-Балқаш», «Қалбатау-Майқапшағай», «Талдықорған-Қалбатау-Өскемен», «Атырау-Астрахань», «Подстепное-Федеровка-РФ шекарасы», «Казталов-Жәнібек-РФ шекарасы», «Өнеге-Бейсен-Сайқын» бағыттарында жүзеге асырылып жатыр,-деді ол.

Өзгелердің жаңалығы