Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Талғат Мұсабаевпен қоштасу мен жерлеу рәсімі қашан және қайда өтеді?

5 Тамыз 2025, 11:53
13688
Бөлісу:
 коллаж BAQ.KZ
Фото: коллаж BAQ.KZ

Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш ғарышкері, ұшқыш, Қазақстанның батыры Талғат Амангелдіұлы Мұсабаевпен қоштасу рәсімі 6 тамызда Алматыда өтеді. Бұл туралы BAQ.KZ тілшісіне қала әкімдігінен хабарлады. 

Қоштасу Зенков көшесі, 24 мекенжайындағы офицерлер үйінде өтеді. Рәсімнің басталуы таңғы 9:00-де. Жаназа намазы 10:30-ға жоспарланған және 28 панфиловшы-гвардияшылар атындағы саябақтың ашық алаңында өткізіледі. 

"Қарулы Күштер Ардагерлері" Республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы филиалынан хабарлағандай, Талғат Мұсабаев Кеңсай-1 зиратына жерленеді.

Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев 1951 жылдың 7 қаңтарында Алматы облысы Жамбыл ауданына қарасты Қарғалы ауылында дүниеге келген. Мектепті бітірген соң, Ригадағы азаматтық авиация институтында радиожабдықтар мамандығы бойынша білім алып, инженерлік жолын бастаған. Алайда оның жүрегін ғылым мен техникадан гөрі – аспан мен көк қызықтырды.

Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әйгілі ұшқыш-ғарышкер, Халық қаһарманы, мемлекет және қоғам қайраткері Талғат Мұсабаевтың дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтты.

Жұлдыздарға жол салған қазақ, елінің қайсар ұлы, яғни күні кеше өмірден өткен тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Талғат Мұсабаевтың еңбекке толы өмір жолына шолу жасап көрген болатын.

Өзгелердің жаңалығы