Талғат Мұсабаев Сенатта ерекше ұсыныс айтты

29 Қыркүйек 2022, 13:08
3074
Бөлісу:
Талғат Мұсабаев Сенатта ерекше ұсыныс айтты

Бұл туралы бүгін өткен Сенат отырысында сенатор Талғат Мұсабаев өзінің депутаттық сауалында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Айтуынша, жол-көлік оқиғасы кезінде жарақат алғаннан кейінгі алғашқы сағатта көмектің болмауы ауыр жарақат алғандардың арасындағы өлім санын 30%-ға арттырады. Осыған байланысты авариялар мен апаттар кезіндегі жедел шақыру жүйесі жұмысын сақтау маңызды. 

Ал апат кезінде ААЖШ жүйесі автокөліктің координаттарын автоматты түрде анықтап, қажетті шараларды қабылдау үшін төтенше жағдай туралы жедел қызметтерге хабарлама жібереді.

Коммерциялық пайдалануға берілген уақыттан бері ААЖШ жүйесіне миллионнан астам қоңырау түсті, оның 2600-ден астамы апаттық болып шықты. Әрбір шұғыл шақыру – бұл жүргізуші немесе жолаушы үшін өлім қаупі бар, жедел қызметтің дереу әрекетін талап ететін апат орнынан шақыру. Тек апаттан зардап шеккендердің өмірі мен денсаулығын сақтап қалудың әлеуметтік-экономикалық әсері 76 млрд теңгеден астам сомаға бағаланып отыр. Бірақ ең құндысы – құтқарылған адам өмірі. Адам өмірінен қымбат ештеңе жоқ, - деді Талғат Мұсабаев.

Сенатор көліктерді мұндай құрылғылармен міндетті түрде жабдықтауды жою мәселесі қазір көтеріліп жатқанын атап өтті. Дегенмен, депутат мұндай қадам, қазір 200-ден астам адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отырған бұл құрылғыларды шығаратын отандық өндірушілердің банкротқа ұшырайтынын айтпағанда жол-көлік оқиғасынан болатын өлімнің 30%-ға дейін өсуіне әкелуі мүмкін деп отыр. 

ААЖШ жүйесінің тоқтап қалуына жол бермеу және оның толыққанды жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін барлық ресми автоимпорттаушылар мен автокөлік өндірушілеріне өз көліктерін EVAK жүйесінде тіркеуді жалғастыру бойынша міндеттемелер қоюды ұсынады. Автосервис орталықтарында жеке тұлғалар әкелетін автокөліктерді бастапқы тіркеу кезінде ААЖШ жүйесінде автокөліктің тіркелуін тексерілсе, бұл жеке тұлғалар әкелетін автокөліктердің қауіпсіздіктің қажетті деңгейіне сай болуын қамтамасыз етеді. Бұл шаралар Қазақстан жолдарында адамдардың өмірін сақтау және денсаулығын сақтау жөніндегі ерекше маңызды әлеуметтік міндетті одан әрі орындау үшін ААЖШ жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, - деп атап өтті Талғат Мұсабаев.

Өзгелердің жаңалығы