Талғардағы трагедия: Әкімдік марқұм Шерзат Болаттың өртенген үйін қалпына келтіруге көмектеседі

12 Қазан 2024, 11:03
909
Бөлісу:
Талғардағы трагедия: Әкімдік марқұм Шерзат Болаттың өртенген үйін қалпына келтіруге көмектеседі
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысының әкімдігі марқұм Шерзат Болаттың отбасына өрттен кейін үйін қалпына келтіруге көмектесетін болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сондай-ақ, қалпына келтіру жұмыстары кезеңінде оларға уақытша тұру үшін тұрғын үй ұсынылады.

Айта кетейік, бүгін түнде Талғарда қаза тапқан Шерзаттың үйі өртеніп кетті. Куәгерлердің айтуынша, өрт сөндіру қызметінің жедел әрекетіне қарамастан, үй түгелдей өртеніп кеткен.

Алматы облысының полиция департаменті өрт фактісін растады. Бөтеннің мүлкін қасақана жою дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Сондай-ақ бүгін Бас прокуратураның басшылығымен қылмысты ашу үшін ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды.

Өзгелердің жаңалығы