Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Талғардағы оқиға: Бүлдіршіннің отбасымен психологтар жұмыс істеп жатыр

6 Қыркүйек 2025, 19:16
1076
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Талғарда қыз баланың ұрлануына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Белгілі болғандай, қазіргі уақытта бүлдіршін табылып, тексеруден өту үшін ауруханаға жеткізілді.

Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің тапсырмасы бойынша Психологиялық қолдау орталығының мамандары оқиға орнына барып, психологиялық көмек көрсетуде, - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Сондай-ақ Алматы облысының балалар құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі де оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Талғарда ер адамды өлтіріп, екі жастағы баланы ұрлап кеткені белгілі болды. Арада біршама уақыт өткенде күдікті қолға түсті.

Өзгелердің жаңалығы