Талғарда 40 отбасыға қайырымдылық жасалды

10 Қаңтар 2021, 04:30
1523
Бөлісу:
Талғарда 40 отбасыға қайырымдылық жасалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚМДБ қызметінің дәстүрлі бағытының бірі – қайырымдылық. Осыған орай Алматы облысы Талғар ауданына қарасты мешіттер жергілікті халықтың әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көңіл бөліп, мұқтаж жандарға көмек көрсетіп келеді, деп жазады muftyat.kz.

«Зекет» қорының Талғар ауданындағы өкілдігі және аудандық мешіттің Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен өткен кезекті игі шараға дін қызметінде жүрген мешіт қызметкерлері қамтылды.

Қаңтар айындағы қайырымдылық шарасында аудан имамы Қажымұхан Қамбарұлының ұйытқы болуымен 29 имам, 6 наиб имам, 5 ұстаз, жалпы көлемі 40 дін қызметкеріне азық-түліктің барлық түрі қарастырылып, күнбағыс майы, макарон, қант, ұн, шай, күріш секілді күнделікті тұтынатын өнімдер берілді.

Аудан имамы дәстүрге айналған қайырымдылық шарасы алдағы уақытта жалғасын табатынын айтты.

Өзгелердің жаңалығы