Талдықорғандағы сенбілікке 6 мыңдай тұрғын қатысты

1 Сәуір 2023, 19:41
2810
Бөлісу:
Талдықорғандағы сенбілікке 6 мыңдай тұрғын қатысты
Фото: Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жетісу облысында елді мекендерді санитарлық тазалық, абаттандыру және көгалдандыру айлығының аясында бүгін Талдықорғанда жалпықалалық сенбілік өткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сенбілікке облыс әкімі Бейбіт Исабаев қатысып, осы күні қаладағы «Жеңіс» саябағына мыңға жуық ағаш отырғызылды.

 Тазалық және көгалдандыру жұмыстарына 6 мыңға жуық адам, коммуналдық мекемелердің 50 техникасы тартылды. Қаладағы әр мекеменің еңбек ұжымдары өзіне қарасты аумақтарға тазалау жұмыстарын жүргізді. Қоқыстар жиналып, арықтар тазаланды. Осы күні жалпы көлемі 900 текше метрге жуық қоқыс жиналып, шығарылды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Талдықорғандағы сенбілікке 6 мыңдай тұрғын қатысты

Облыс басшысы Бейбіт Исабаев, өңірдегі ардагерлер, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, еріктілер, мүмкіндігі шектеулі жандар, жастар ұйымдары «Жеңіс» саябағына мыңнан астам қылқан жапырақты ағаш отырғызды.

Мұндай шаралар жиі өткізілуі керек. Жастар айналаны таза ұстауға, қоршаған ортаға қамқорлық жасауға үйренеді. Бүгін біз ардагерлер сенбілікке өз үлесімізді қосып, ағаш ектік. Енді осы ағаштарды күнделікті суғарып, күтіп-баптап отырса, қаламыз бұрынғыдан да көркейе түседі деп ойлаймын. Қаланы көгалдандыру, абаттандыру, тазалау – тұрғындардың ортақ міндеті, - дейді Жетісу облыстық «Семей полигоны» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ардагер Толыбек Данабеков.

Биылғы жылы Жетісу облысында жалпы саны 93 мыңнан астам көшет отырғызу жоспарланған, соның 2 мыңдайы бүгінге дейін "Жеңіс" саябағына отырғызылып үлгерді.

Өзгелердің жаңалығы