Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Талдықорғанда жүзуден Қазақстанның іріктеу чемпионаты басталды

13 Мамыр 2025, 16:54
332
Бөлісу:
 olympic.kz
Фото: olympic.kz

13 мамырда Талдықорғанда жүзуден Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Республикалық турнир төрт күнге созылады. Оған ұлттық құраманың көптеген көшбасшы спортшылары қатысады.

Жарыстар әлем чемпионаты мен жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігіне іріктеу және лицензиялық кезең ретінде өтеді.

Қазақстан чемпионаты 16 мамырда аяқталады.

Өзгелердің жаңалығы