Талдықорғанда жас патриоттар жарысы басталды

21 Сәуір 2023, 11:10
800
Бөлісу:
Талдықорғанда жас патриоттар жарысы басталды
PHOTO
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру саласының өткен жылғы қызмет қорытындысы бойынша «Патриоттар мекені» кубогын жеңіп алған Жетісу облысында «Айбын» облыстық жиынының ашылуы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, әскери-спорттық жарыстың салтанатты ашылу рәсіміне облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің, білім басқармасының өкілдері, орта мектептердегі алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушылары, Ауған соғысының және Қарулы күштердің ардагерлері қатысты.

Жарыстың бас төрешісі Дене шынықтыру, спорт, алғашқы әскери даярлық және қосымша білім беру ғылыми-практикалық орталығының директоры Айбол Қасенов оқушыларға жас патриоттардың басты форумына қатысып, алға қойған мақсатқа жету жолында сәттілік тіледі.

Талдықорғанда жас патриоттар жарысы басталды

Жарысқа облысқа қарайтын аудандар мен қалалардан құрамына 150-ге жуық ұл-қыз кіретін 10 команда қатысып отыр. Жарыс қорытындысына байланысты «Айбын» республикалық жиынына қатысатын үздік команда анықталмақ, – деді Жетісу облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Айдын Сағынбеков.

Жарыс барысында оқушылар АК-74 автоматын бөлшектеу және жинау, жалпы әскери қорғаныс костюмін киюден нормативтерді орындайды. Кедергілер жолағын еңсеру кезінде төзімділік сынағынан өтіп, арқан тартып, белтемірде мықтылығын көрсетеді. Бағдарламада сондай-ақ, робототехника, пневматикалық қарудан ату, садақ ату және шығармашылық конкурстар қарастырылған.

Талдықорғанда жас патриоттар жарысы басталды

Жастардың облыстық әскери-патриоттық жиынында үздік нәтижеге қол жеткізген команда биылғы маусым айында Қарағанды облысында өтетін «Айбын-2023» республикалық әскери-патриоттық жиынында Жетісу облысының намысын қорғайтын болады.

Өзгелердің жаңалығы