Талдықорғанда қатты қалдықтар тарифі өзгерді

5 Шілде 2024, 12:45
407
Бөлісу:
Талдықорғанда қатты қалдықтар тарифі өзгерді
PHOTO
Фото: автордан

Облыс орталығында қатты тұрмыстық қалдықтар тарифі 379,53 теңгеге жетті. Тұрғындар мұны қымбатсынып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Тариф бағасы төмен түспейді

Талдықорғанда қатты қалдықтар мәселесі тұрғындардың әлі наразылығын тудыруда. Қала әкімі Ернат Бәзіл осыған орай арнайы брифинг өткізіп барлық сұрақтарға жауап берсе де, тұрғындар тарифті арзандатуды сұрап отыр. Бұған дейін біз қалаға ондаған жаңа техника келіп, бұл шаруамен «Жаңа Сан» компаниясы айналысатының айтқан болатынбыз. Бұл жобаға аталған серіктестік 400 млн-ға тарта қаржы құйған. Дегенмен, белгісіз біреулер қала ішіндегі қоқыс жәшіктеріне әкімнің суретін жабыстырып, мәселені тіпті ушықтырып жіберген еді. Бұл қоғам ішінде үлкен дау туғызып, қоқыс шығаратын жеке шаруашылықтарға жылдың соңына дейін ғана жұмыс істеуге құқы бар екені айтылған.

Әрине, менің суретімді пайдаланған адамдардың жазаланғаны дұрыс. Бірақ олармен алысқанша, бұл мәселені тиянақты шешкеніміз абзал. Біз жаңа компаниямен келісімшартқа отырдық, іс жүйеленетін болады. Туған туыс, тамыр таныс жүрген жоқ. Тариф бағасы 400 теңгеге де жетпейді. Бұл өте тиімді ұсыныс. Жеке шаруаларда баға бұдан да қымбат. Оның үстіне компания мүмкіндігі шектеулі жандарға және әлеуметтік осал топ өкілдеріне мүмкіндігінше жеңілдік береді. Көпқабатты тұрғын үйлердің ауласы жиі қоқысқа толады, сондықтан компания күнде не күнара қоқысты алып кетуге тиіс. Қалған жеке шаруалар жыл соңына дейін жұмыс істеуге мүмкіндігі бар, - деді Бәзіл.

Талдықорғанда қатты қалдықтар тарифі өзгерді

Жалпы экологиялық кодекстің ережелеріне сай облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту арқылы коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады. Осы талаптар негізінде алдыңғы жылы ЖК «Navruz-ECO» жобалау ұйымы «Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу, Талдықорған қаласы үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, әкетуге, пайдаға жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифті есептеу» жобасын әзірлеген еді. Ондағы шарт сомасы 7,5 млн теңгені құрайды. Соған сай, есеп бойынша облыс орталығында қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифі жеке тұлғалар үшін – 379,53 теңге деп бегітілді. Яки, 1м3 үшін – 2846,45 теңге көлемінде. Көрсетілген қаржыға тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму кіреді.

Алдағы 5 жылда біз қала ішіндегі қатты қалдықтарды шығарумен айналасамыз. Оған толықтай техникалық күш қуатымыз жетеді. Біз бегітілген тарифті есептей келе, халықтың да жағдайын ойлай отырып шешім қабылдадық. Біздіңше бұл сома қымбат емес, бұдан төмендетсе ешқандай серіктестік жұмыс істемейді. Оның үстіне 40-тан астам мамандарымыз қала тұрғындарына қызмет көрсетеді. Жаңа әрі заманауи техникалармен толықтай жабдықталдық. Талапқа сай қызмет көрсету үшін саланы толық меңгеріп алдық десек болады, - дейді «Жаңа Сан» ЖШС EcoAla филиалының басшысы Бауыржан Қасымхан.

Тарифті қалалық мәслихат бекіткен

Тарифті нақтылау үшін, қала әкімдігі мәселені қалалық мәслихаттың талқысына салған. Қатты тұрмыстық қалдықтарды әкетуге жоғарыда көрсетілген тариф қалалық мәслихаттың 2023 жылы 22 мамырда № 3-23 шешім шығарады.

Талдықорғанда қатты қалдықтар тарифі өзгерді

Қоғамдық кеңестің НҚА жобасының 30.03.2023 жылғы оң дауыс беру хаттамасы; 25.04.2023 жылы НҚА жобасы «Ашық НҚА» порталында орналастырылды; 25.04.2023 жылдан бастап Қоғамдық кеңестің оң шешімі алынды; 25.04.2023 жылдан бастап Атамекен ҚР ҰКП Жетісу кәсіпкерлер палатасының оң қорытындысы алынды; 11.05.2023 жылдан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың оң қорытындысы алынды; 24.05.2024 жылы Жетісу облысының Әділет департаментінде №32-19 болып тіркелді. ҚТҚ шығару бойынша талдау Жана Сана ЖШС дейін, - деп жазылған мәслихат анықтамасында.

Талдықорған қаласыда көпқабатты тұрғын үйлердің аумағында барлығы 238 қатты тұрмыстық қалдықтар жинау нүктесі бар. Оларға 626 арнайы контейнер орнатылған. Якиғ әр тұрғын үйге 2-3 қоқыс жәшігі қарастырылған. Нақтылай кетсек, 84 жерасты контейнерлері. Оның көлемі 5 текше метр 191 бірлік. Сондай-ақ, 91 еуроконтейнер, оның көлемі 1,1 текше метр 306 бірлікті құрайды. Одан бөлек 61 стандартты контейнерлер бар. 

Осы жылдың 31 мамырына дейін қатты тұрмыстық қалдықтарды әкету үшін ақша жинау «Тұрғын үй Қызметі» ЖШС қызмет көрсетушісіне тікелей жүргізілді. Бұл 24 мыңнан астам абонент деген сөз. Сонымен қатар, 9 мың абонентке ПИК, ОСИ арқылы қызмет көрсетілді. Мысалы, контейнерді толтыру шамасына қарай ПИК немесе ОСИ өкілдері машинаны шақырып, көлемі 0,75 текше метр болатын бір стандартты контейнер үшін уағдаластық бойынша 1500-ден 2500 теңгеге дейінгі сомада төледі. Кейбір ОСИ, ПИК, атап айтқанда қаланың орталық бөлігінде дүкендер, кафелер, нотариустар орналасқан Шевченко, Қабанбай батыр, Төлебаев, Біржан Сал көшелері тұрғындар мен заңды тұлғалардан қаржы жинады, - дейді қала әкімі.

Оның айтуынша, бүгінде шаһар территориясында қатты тұрмыстық қалдықтарды тасымалдайтын 15-ке жуық ЖҚ қызмет көрсетеді. Осы ретте қоықс жәшіктерін еркін көтере алатын 20-ға тарта арнайы техника бар. Әрбір техниканың көлем мөлшері 18 ден 23 контейнерге дейін жетеді. Нақтылай кетсек, олардың орташа сыйымдылығы 20 контейнерді құрайды. Әрбір контейнерді әкету бағасы 2500 теңге көлемінді. Сонда бір тасымал үшін табыс мөлшері 50 мың теңгені көрсетіп тұр.

Ең төмен тариф Талдықорғанда

Өткен жылы шілде айында қала аумағынан коммуналдық қалдықтарды шығару бойынша қызмет көрсетушілерді анықтау бойынша конкурс жарияланған.Алайда, әлеуеттік қызмет көрсетушілер конкурсқа қатысқаған екен.

Талдықорғанда қатты қалдықтар тарифі өзгерді

Кейін тағы қыркүйек айында коммуналдық қалдықтарды шығару бойынша қызметтер көрсетуді жеткізушілерді анықтау бойынша қайта конкурс жарияланады. Конкурсқа қатысу үшін тек «Жаңа Сан» ЖШС және «Эко Сервис Алматы» ЖШС 2 жеткізушісінен өтінімдері ұсынылады. 08.11.2023 жылғы конкурс қорытындысының хаттамасына сәйкес «Жаңа Сан» ЖШС жеңімпаз болып танылып, 25.11.2023 жылы шарт жасалынады. Қызмет көрсетушіні анықтау бойынша конкурстың қорытындысы «Талдықорған газетінде» 17.11.2023 жылғы №47 нөмірінде жарияланған.

Биыл 1-ші маусымынан бастап аталған компания 11 бірлік арнайы техника және 43 жұмысшы алып, қызмет көрсетуді бастады. Контейнерлер үшін 8 бірлік, жерасты контейнерлері үшін 3 бірлік КМУ тартты. Бүгінде соңғы нұсқадағы техникаларды тарта отырып, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару жұмыстарын жүзеге асырып жатыр. Осы бағыттағы жұмыстар жолға қойылды, жағдай тұрақтандырылды, әкету бойынша жұмыстар күн сайын жүзеге асырылуда. 1 қыркүйекте жеке секторлардан ҚТҚ шығаруды бастау жоспарлануда, дейді ол.

Айта кетейік, көп қабатты тұрғын үй алдындағы контейнерлерді аталған компания өкілдері тәулік сайын тазартып отырады. Ал жеке тұрғын үйлерді, яки жер үйлерді 1 аптада 1 рет қоқысын әкетеді. Сонымен қатар, қоқс жәшіктерінің маңайын тазартуды да қолға алады. Контейнерлер сынған не бұзылған жағдайда қалпына келтіріп отырады. Әрбір 3 аптада дезинфекциялау және контейнерлерді жуу жұмыстарын атқарады. Мұның бәрі компанияның жауапкершілігіне кіреді.

Биыл 60-қа тарта қосымша қоқыс алаңдарындары орнатылады. Жылдан жылға халық санының өсуіне байлансты қоқыс жәшіктерінде арттырған абзал. 150-ге жуық еуро контейнерлер келеді деп жоспарланып отыр. Сол үшін 60 млн астам қаржы қарастылырған. Осы мақсатта мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланатын болады.

Қала ішінде тұрмыстық қатты қалдықтар жыл сайын көбейіп барады. Шаһар үлкейген сайын осындай қиындықтар тууда. Бұрын Талдықорған – таза қала ретінде бағаланатын. Қазір білмеймін. Тұрғын үйлер көп салынып жатыр. Айналасы қоқыс қаптап кетеді. Жаңа компания бәрін реттейді деп ойлаймын. Әкім жақсы жұмыс істеп жатыр. Күнде қаланы аралап, халықтың мәселесіне үңіліп отырады. Сондықтан тұрғындар тазалықты өзінен бастауы қажет. Қаланың тазалығына әрбір адам атсалыспаса, жауапкершілікті өзгеге іліп қоға болмайды. Кейбір адамдар қоқыс жәшігіне апаруға ерінеді. Жыл сайын тариф бағасы өзгеріп тұрады. Соны тұрақтандырса дұрыс болар еді, - дейді қала тұрғыны Асылай Ақшабаева.

Осы ретте айта кетейік, ел көлемінде әсіресе облыстағы басты қалаларда

Қатты қалдықтарды шығару тарифі 400-ден 500 теңгеге дейін өзгереді. Мәселен, Көкшетау қаласында бұл сомма 500 теңге жеткен. Ал шаһардың жалқы 200 мыңға да жетпейді. Басқа өңірлермен салыстырғанда Жетісу облысындағы қатты тұрмыстық қалдықдықтарға бекітілген тариф ең төменгі тариф болып саналады. Сондықтан халықтың бұлай әбігерге түсуі бекер. Сондай-ақ, барлық коммуналдық қызметтер үшін жалпы төлемнен қатты тұрмыстық қалдықтарды әкету үшін төлем үлесі небәрі 4-ақ пайызды құрайды екен.

Жалпы алғанда, шаһарда 900-ге тарта көпқабатты тұрғын үй тіркелген. Бұл ретте 25 мың баспана бар екен. Соның бәрі 15 мыңға жуық заңды тұлғаға тиесілі екен.

Өзгелердің жаңалығы