Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Талдықорғанда Қаңтар оқиғасының қатысушысына үкім шықты

15 Тамыз 2022, 10:39
1675
Бөлісу:

Талдықорғанда Қаңтар оқиғасына қатысушы үш жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Талдықорған қалалық соты мәлімдеді, деп деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 272-бабының 2-бөлігімен қарақшылық шабуыл, мүлкін жою, мемлекеттік қызметшілерге қарсылық көрсетті, жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты деп айыпталған Н.-ға қатысты қылмыстық істі қарады, - деп хабарлады қалалық сот.

Қалалық сот айыпталушы тағылған айыпты толығымен мойындағанын атап өтті. Прокурор сотталушыны кінәлі деп танып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қатаң режимдегі түзеу мекемесінде өтеуді сұрады.

ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабы 2-бөлігінің санкциясында 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған. Сот айыпталушы осы қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, - делінген хабарламада.

Ұлттық банк 15 тамызға арналған валюта бағамдарын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өзгелердің жаңалығы