Талдықорғанда полиция ғимаратына мина қойылды деп жалған ақпарат таратқан күдікті ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ішкі істер министрлігінің телеграм-арнасының жазуынша, жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түскен соң жеке құрам ғимараттан эвакуацияланған.
Сағат 18:30 шамасында Талдықорғандағы облыстық полиция департаменті ғимараттарының біріне мина қойылғаны туралы аноним қоңырау келіп түсті. Оқиға орнына саперлер, кинологтар және басқа да мамандар шақырылды. Олар ғимаратты толық тексерді. Ақпарат расталмады, – деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.
Ведомство өкілдерінің айтуынша, қоңырау шалған адам көп ұзамай анықталды.
Мина туралы қоңырау шалған азамат анықталды. Ол 1978 жылы туған жергілікті тұрғын болып шықты. Ер адам мас күйде болған. Азамат ұсталып, қалалық полицияға жеткізілді, - делінген мәліметте.