Талдықорғанда 98 отбасына пәтер кілті берілді

7 Шілде 2023, 17:13
884
Бөлісу:
Талдықорғанда 98 отбасына пәтер кілті берілді
Фото: Артём Чурсинов - архив

Астананың 25 жылдығына орай Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев пен Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл мемлекеттік тұрғын үй қорынан 98 пәтердің кілтін салтанатты түрде табыстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Талдықорған қаласында 15 мың адам үй кезегінде тұр. Ендігі біздің міндетіміз – кезекте тұрғандардың санын екі есе қысқарту. Ол үшін жылына кемінде 1500-2000 шаршы метр үй беруіміз керек. Қуаныштарыңыз ұзаққа созылсын. Осы үйде өніп-өсіп, бақытты ғұмыр кешіңіздер!, – деді облыс әкімі Бейбіт Исабаев.

ҚазАқпарат мәліметінше, Талдықорған қаласында жыл басынан бері 280 адам баспаналы болды. Енді жыл соңына дейін тағы 1700 адам үй алады. Нәтижесінде, 51 үй пайдалануға беріледі. Олардың басым бөлігі көпбалалы отбасылар, ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар, ардагерлер мен І-ІІ топтағы мүгедектер.

Өзгелердің жаңалығы