Талдықорғанда 200 сарбаз ант қабылдады

9 Мамыр 2024, 10:21
360
Бөлісу:
Талдықорғанда 200 сарбаз ант қабылдады
Фото: Жетісу облысы әкімдігі

Отан алдындағы борышын атқарып жатқан десантшы жас сарбаздар ант қабылдап, ұрыс қимылдарын көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Рәсімге жас сарбаздардың ата-аналары да қатысты.37-ші Десанттық-шабуылдаушы бригадасы қорғану тәсілдерін, шабылдау бағытындағы жаттығу жұмыстарынан үзінді көрсетті. Қару-жарақты қалай пайдалану қажет, жаудың базасына қалай шабуыл жасау қажет, осы әдістерімен ортаға салды.

Әрбір ел азаматы Отан алдындағы борышын өтеуі парыз. Мен ата-анамның рұқсатымен осында әскери тәртіпті үйренуге келдім. Біз бір ай бойы әскери өмірдің алғышартын көрдік. Жаңа достар таптым. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген жігіттер мықты десарт болуға бел байлап отыр. Алыстан келген ата-анама рақмет. Бір жыл көзді ашып жұмғанша өте шығады. Елдің абыройы маңызды, біз ел үшін, жер үшін аянбай еңбек етуге бармыз», дейді жас десантшы Данияр Садуақасов.

Ант қабылдаған жас сарбаздар хормен еліміздің әнұранын орындап, Отан алдындағы борышын абыроймен атқаруға уәде етті. Үзіліс уақытында алыстан келген ата-аналармен тілдесті. Ауыл мен қала балаларын бір шаңырақ астына қосқан әскери бөлімшелер алдаеы уақытта жастардың баспанасы болмақ. Мұны облыс орталығындағы 54380 әскери бөлім командирінің тәрбие жөніндегі орынбасары, майор Асхат Оспанов айтып берді.

Бізде сарбаздарға барлық жағдай жасалған. Ата-аналары алаңдамасада болады. Нағыз ер болам деген кез келген жас жігіт әскерді көру керек. Әскери тәртіптің өз заңдылықтары бар, оны бұзуға болмайды. Сондықтан жас сарбаздар ісіне адал, уәдеге берік, денесі шымыр болып шығады. Біз қашанда сол ережеге мойынсұнамыз. Отан алдындағы борышын өтеуге бел байлаған сарбаздарға сәттілік тілеймін, дейді А.Оспанов.

Өзгелердің жаңалығы