Талдықорғанда 15 мың адам үй кезегінде тұр

24 Маусым 2024, 10:37
357
Бөлісу:
Талдықорғанда 15 мың адам үй кезегінде тұр
PHOTO
Фото: автордан

Олардың дені көпбалалы ата-ана мен әлеуметтік осал топ мүшелері. Биыл бюджет қаражаты есебінен 693 пәтерге арналған 21 үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тішісі.

Былтыр 1747 отбасы баспаналы болған

Өңірде тұрғын үй мәселелі бірте бірте шешімін тауып келе жатыр. Дегенмен халықтың бәрінің бірдей көңілінен шығу мүмкін емес. Әкімдік тарапынан да қателік орын алғаны тағы бар. Мәселен, қала тұрғындары 9 шағын ауданындағы №29 және №27 үйдің тұрғындары алған баспананың жалпы жағдайы, ауласының абаттандырылуына қатысты мәселе көтерген еді. Осыған орай, қалалық құрылыс бөлімі тарапынан тұрғын үйді салған «ЖаркентАлғыр» ЖШС-не тұрғындардың көтеріп отырған мәселесін жан-жақты зерделеп, кепілдік мерзімі аясында толық оңтайлы шешуді міндеттеді.

Талдықорғанда 15 мың адам үй кезегінде тұр

Үйдің сапасы сын көтермейді, тегін беріп жатқан үйлердің сапалары бұдан жақсырақ, бір жеріне тиісіп қалсаң болды, бәрі құлайын деп тұр. Канализация, ыстық су трубаларының системасы дұрыс емес. Ыстық су ағызу үшін 5 минут ағызасың суды. Айта берсең, шыға береді. Не деген сұмдық, ұяты бар адамдар болса, бәрін жақсылап жасап берсін, қып-қызыл ақша төлеп отырмыз ай сайын, тегін алып отырғанымыз жоқ, - дейді қала тұрғыны Ләззат Қабанбаева

Осы ретте қала әкімдігі арнайы комиссия құрып, аталған мәслеге нүкте қоюға тырысты. Жоғарыда аталған «ЖаркентАлғыр» ЖШС-гі 2 жылдық кепілдік мерзімі аясында тұрғындардың барлық көтерген өзекті мәселесін уақытылы орындайтын болады.

Жалпы, кезекте тұрған 15 мыңнан астам адамның 6677-і әлеуметтік осал тобы ретінде тіркелген. Ал мемлекеттік қызметшілер және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері – 5202 адам болса, қалғанын көпбалалы отбасылар мен жетім балалар құрайды.

Алдыңғы жылы халыққа 125,7 мың ш.м. үй берілсе, былтыр 149,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Оның ішінде бюджет қаражаты есебінен Оңтүстік-Батыс ауданында 817 пәтерлі 20 несиелік тұрғын үй саналады. Ауданы 65,9 мың ш.м. құраса, жалпы құны – 14,6 млрд теңге болады. Ал жеке құрылыс салушы компаниялар қаражаты есебінен 478 пәтерлі 11 үй тапсырылған. Оның ауданы 44,0 мың ш.м.,Оңтүстік-Батыс ауданында, Қаратал және Самал шағын аудандары, жалпы құны – 6,9 млрд теңге құрайды. Оның ішінде демеуші компаниялар есебінен 180 пәтерлі 3 үй тіркелген.

Өткен жылы халықтың қаражаты есебінен 36,9 мың шаршы метр тұрғын үй салынды. Ауданы 2,6 мың шаршы метр музыкалық колледж үшін 100 орынды жатақхана пайдалануға берілді. Бұл облыстық құрылыс басқармасы арқылы қолға алынды. Халықтың әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 63 тұрғын үй сатып алынды. «Жетісу жастары» бағдарламасы аясында «Отбасы банк» АҚ арқылы 31 пәтер және апаттық үй тұрғындарына 32 пәтер берілді. Оған қоса, кезекте тұрған 36 көпбалалы отбасыға коттедж қалашығында үйлер берілді. 2023 жылдың қорытындысы бойынша барлығы 1747 отбасы баспана алды, - дейді қала әкімі Ернат Бәзіл. 

204 коттедждің құрылысы аяқталмай тұр

Осы жылдың бюджет қаражаты есебінен 693 пәтерге арналған 21 үйдің құрылысы жүргізіліп жатры. Нақтылай айтсақ, барлық ауданы 56,7 мың ш.м. оның ішінде, несиелік тұрғын үй - 47,5 мың ш. м. 585 пәтерлі 17 үй, жалға берілетін тұрғын үй-9,2 мың ш.м. 108 пәтерлі 4 үй құрайды. Сонымен қатар жеке құрылыс салушылардың қаражаты есебінен 226 пәтерлі 4 үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның ауданы 22,7 мың ш.м. көлемінді. Оған жауапты мердігер – «Жетысужилстрой» ЖШС. Олар келер жылы жұмысты толық аяқтауы шарт.

Талдықорғанда 15 мың адам үй кезегінде тұр

Бүгінде 204 коттедждің құрылысы тәмамдалмады. Қазір жобалық сметалық құжаттамасына түзету жұмыстары жүргізіліп бітті. Сараптамадан шығып, бюджеттік өтінім беріледі. Мұнда барлығы 204 коттедж – 18,6 мың ш.м. Жалпы құны 5,2 млрд теңге құрап отыр. Биыл жоспар бойынша 100 коттедж құрылысы басталады, - дейді Бәзіл.

Қала әкімдігінің бізге берген мәліметі бойынша, биыл 552 пәтерлі 16 несиелік тұрғын үйді салу бойынша жобалық құжаттамасы мемлекеттік сараптамадан өткен. Оны жобалаушы – «ПСИ ҚазНұр» ЖШС. 

Сонымен қатар Оңтүстік-Батыс ауданда кварталдық қазандықтың құрылысы бойынша жобалық құжаттама әзірленген. Құжат бойынша 6,7,8,9 шағын аудандарды, 84 МЖД, 2 орта мектеп, 1 балабақша, 10 астам шағын және орта бизнес нысандарын жылытады. Жоба бойынша өткен жылы 92,9 млн теңге игерілген. Биыл 3,5 млн теңге қарастырылады.

Биыл барлығы 2084 пәтер беру жоспарланып отыр. Оның ішінде «Самұрық-Қазына» қоры 420 пәтерлі 7 тұрғын үйдің құрылысын жалғастырып жатыр. Сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарына пәтер сатып алу үшін бюджеттен биылғы жылға 1,7 млрд теңге қаржы бөлінген. Сол бойынша 134 пәтер алынады. Барлық қаржыландыру көздері есебінен 2024 жылға 3,3%-ға өсіммен 154,3 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Апатты үйлер де аз емес

Бүгінде облыс орталығында орналасқан 853 көп қабатты тұрғын үйлер бар. Оның ішінде 125 пәтерлі 19 апатты үй ретінде тіркеуде тұр. 2022 жылы Кивилев көшесіндегі №1, 2, 3, 4 үйлердің тұрғындарына 32 пәтер, 2023 жылы тағы 32 пәтер сатып алынған. Оған бөлінген қаржы 491,6 млн теңге. Қалған 47 пәтерді осы жылы сатып алу көзделіп отыр.

Талдықорғанда 15 мың адам үй кезегінде тұр

Ескі үйлерде тұру мүмкін емес. Қаламен бірге іргесі қаланған үйлерді қанша жөндеуден өткізсең де келмейді. Жер сілкінісі кезінде, тіпті, шошып, ұйықтай алмадық. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. Біз қала әкімінің мән жайды түсіндіріп айттық. Бұл үйлерді бұзып, орнына жаңа тұрғын үй көтермесе болмайды. Бізге алдағы уақытта жаңа үй беріледі деген ойдамын. Себебі тағы бір жер сілкінсе, көп ұзамай үй құлауы мүмкін. Қазірдің өзінде қабырғасы сөгілейін деп тұр. Ұйқымыз тыныш емес. Балалар тіпті қорқады, - дейді қала тұрғыны Есінәлі Алмасов.

Бүгінде апаттық үйлерді пәтерлермен қамтамсыз ету мақсатында 560 млн теңге қажет етеді. Осы мақсатта бюджеттік өтінім берілген. Реновация, Шевченко көшесіндегі №133 1 үй (8 пәтер) бойынша инвестициялық келісім туралы шарт жасалған екен. Тұрғындар көктемде жаңа пәтерлерге көшірілді. Сонымен қатар Абылайхан көшесі, №361 үйдің иелері (6 пәтер) реновация бағдарламасына қатысудан бас тартқан. 47 меншік иесінің тек 30-да құқық белгілейтін құжаттар бар. Өкінішке қарай, қалған 17 пәтер бойынша құқық белгілейтін құжаттар жоқ.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында Жастар 1/1 тұрғын ауданда 7,6 км электрмен қамту желілері салынған. Оның жалпы құны 243,6 млн теңгені құрайды. Былтыр 223,5 млн теңгесі игерілген еді. Ұлан әскери қалашығында 2,3 км сумен қамту және су бұру желілерін қайта жаңартылды. Оның жалпы құны 126,9 млн теңге. Былтыр 119,8 млн теңге игерілген еді. Еркін ауылында 2 трансформаторлық қосалқы станция орнатылып, 3,6 км электрмен қамту желілері салынды. Оның жалпы құны – 63,6 млн теңге. Былтыр 52,6 млн теңгесі игерілген болатын, - дейді Бәзіл.

Осы ретте ата кетейік, қалаға қарасты Қызыл тас саяжайында 24 км сумен қамту желілерінің жұмысы жалғасады. Жалпы құны 724,2 млн теңгені құрайды.

Талдықорғанда 15 мың адам үй кезегінде тұр

Өткен жылы 440,8 млн теңгесі игерілсе, қалғаны биыл аяқталады. Сонымен қатар 3-бөлімшеде 16,9 км электрмен қамту желілерінің құрылысы жалғасуда. Жалпы құны 453,3 млн теңгені құрайтын жобаны жұмысы биыл қорытындыланады.

Былтыр желтоқсан айында Қызыл тас саяжай алабындағы құрылысының уақытылы аяқталмауына байланысты сотқа талап арыз берілген. Қаратал саяжай алабын айта кетсек, орталықтандырылған су желілеріне қосылу нүктесі Қызыл тас саяжай алабында орналасқандықтан, осы алаптағы желілер пайдалануға берілген соң құрылыс аяқталады.

Өзгелердің жаңалығы