Талдықорғанда оқушылар мінген автобус екі көлікпен соқтығысты

25 Мамыр 2021, 00:45
1685
Бөлісу:
Талдықорғанда оқушылар мінген автобус екі көлікпен соқтығысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Талдықорғанда оқушыларды тасымалдаған автобус көлік апатына түсіп, бес бала зардап шекті.

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 8-16 жастағы оқушылар Алматы облыстық көпсалалы балалар ауруханасына жеткізілген.

«Исузу» маркалы автобусты 60 жастағы жүргізуші тізгіндеген. Ол Амангелді көшесінде солға бұрылып, қарсы бағытта келе жатқан «Ауди» көлігіне жол бермеген. Салдарынан автобус «Мазда» көлігіне соғылған. Автобустағы 5 оқушы зардап шекті. Сондай-ақ «Ауди» көлігінің жүргізушісі және оның 56, 23 жастағы жолаушылары ауруханаға түсті, – делінген ведомствоның хабарламасында.
Қалалық ауруханаға Audi жүргізушісі мен оның жолаушылары – 56 жастағы талдықорғандық әйел мен 23 жастағы алматылық қыз жатқызылды.
Өзгелердің жаңалығы