Талас ауданы Майтөбе ауылы су астында қалды деген ақпарат шындыққа жанаспайды

14 Қаңтар 2021, 20:31
3891
Бөлісу:
Талас ауданы Майтөбе ауылы су астында қалды деген ақпарат шындыққа жанаспайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ағымдағы жылдың 13 қаңтарда кейбір республикалық БАҚ-да Жамбыл облысы Талас ауданының Майтөбе ауылы су астында қалды деген мағынада ақпарат жарияланды.

Бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдейміз. Ағымдағы жылдың 12 қаңтарда сағат 18:00 шамасында Майтөбе ауылы маңындағы Қаратауда күннің күрт жылынуы мен жауын-шашынның салдарынан қар еріп, жердің тоңы әлі қатты болғандықтан, су тасыған болатын. Биіктігі 3-5 см шамасында болған, - делінген Жамбыл облысы әкімдігі хабарламасында.
Дерек белгілі болған сәттен бастап жергілікті атқарушы органдар мен аудандық Төтенше жағдайлар департаментінің бірлескен әрекеті арқасында су деңгейін төмендету бойынша жұмыстар атқарылды.

Талас ауданы Майтөбе ауылы су астында қалды деген ақпарат шындыққа жанаспайды

Нәтижесінде 13 қаңтар сағат 02:00-де су нөпірі тоқтап, арнайы аршылған арнамен Билікөлге құя бастады.

Талас ауданы Майтөбе ауылы су астында қалды деген ақпарат шындыққа жанаспайды

Талас ауданы Берікқара ауылдық округінің әкімімен елдімекендегі аулалар түгел араланып, тексерілді. Анықталғандай, еріген қар суы ауылдағы 3 ауланың қорасына ғана кірген. Тұрғын үйлерге су кірмегені белгілі болды. Апаттан жараланғандар жоқ, - делінген ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы