Талаптар сақталмаса, қатаң карантиндік шараларды қайта енгіземіз – Пірәлиева

30 Қыркүйек 2020, 08:17
1341
Бөлісу:
Талаптар сақталмаса, қатаң карантиндік шараларды қайта енгіземіз – Пірәлиева

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан тұрғындары санитар дәрігерлерінің талаптарын орындамаса, қатаң карантиндік шаралар қайта қабылдануы мүмкін. Бұл туралы әкімдікте өткен брифинг барысында Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева ескертті.

Дәрігерлер мен мамандар бірнеше рет тұрғындарды бетперде тағу, әлеуметтік қашықтықты сақтау, адамдар көп жиналатын жерлерге баруды шектеу туралы талаптарды орындауға шақырады. Бірақ, бәріміз көріп отырғанымыздай, бұл талаптар еленбейді және сақталмайды. Егер осылай жалғаса берсе, жалпы қала бойынша КВИ ауруының өсуіне әкелуі мүмкін, - деді ол.
Осы орайда, бас санитарлық дәрігер ондай жағдайда өздерінің белгілі бір қызмет түрлерін тоқтата отырып, қатаң шектеу және карантин шараларын қайта енгізуге мәжбүр болатындықтарын баса айтты.

Өзгелердің жаңалығы