Талантты жастар жоғары білімге жете алмай отыр. Күрішбаев білім грантын беру жүйесін сынады

20 Маусым 2022, 12:28
1465
Бөлісу:
Талантты жастар  жоғары білімге жете алмай отыр. Күрішбаев білім грантын беру жүйесін сынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ақылбек Күрішбаев Парламент палаталарының бірлескен жалпы отырысында айтты. 

Қазір еліміздің жоғары білім беру жүйесі мен білім грантын алу мүмкіндігі тек ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелеріне негізделген. Алайда пән бойынша терең және іргелі білімге ие болмай-ақ, ҰБТ-ны сәтті тапсыруға болатынын мойындауымыз керек, ол үшін мүмкін деген тест тапсырмаларына репетитордың көмегімен дұрыс дайындалу жеткілікті, - деді ол. 

Күрішбаевтың айтуынша, білім грантын талантты балалар ала алмай қалып жатады. 

Көп жыл  бойы университет ректоры болып жұмыс істеген адам ретінде айтарым, қазіргі мемлекеттік білім гранттарын берудің жүйесінен аз қамтылған отбасылардан шыққан көптеген талантты бала, дарынды ауыл жастары жоғары білім алудан тыс қалып отыр. Яғни, елімізде жоғары оқу орындарында білім алу көбінесе элитарлы сипат алуда. Сондықтан бізге шетелдік жетекші университеттердің тәжірибесін негізге ала отырып, қазақстандық жоғары оқу орындарына түсу шарттарын жетілдіру маңызды. Ең бастысы, білім беру гранттарын, әсіресе, стипендияларды тағайындау кезінде дамыған елдердегідей білім алушы отбасының табыс деңгейіне баса назар аудару қажет. Жаңа Әділетті Қазақстанда осылай болу керек, - деді Күрішбаев. 

Өзгелердің жаңалығы