Талант бар, бірақ домбырасы жоқ. Әлжеліде жаңа тренд

16 Қазан 2023, 10:43
2656
Бөлісу:
Талант бар, бірақ домбырасы жоқ. Әлжеліде жаңа тренд
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Соңғы уақытта елде домбыраға қатысты даулы пікір таралды. Қасиетті аспапты арамға теңеп, харам ой әкеледі дегендер де болды. Соған жауап па, әйтеуір әлеуметтік желіде «шерте білсең бәрі болады» деген трендке толды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Трендте азаматтар қазақтың күйлерін домбырасыз ойнайды. Яғни қолына түскен кез келген затпен күйдің әуенін келтіреді. Мәселен, көп таралған бейнелердің ішінде тоңазытқыштың есігін шертіп, күй ойнағандар болды. Оқырман күйшіге (орындаушыға) «жібер тоңазытқыштың басын», «тоңазытқыштың құлағында ойнайды» екен деп түрлі эмоцияларын жеткізіп жатты. Тіпті күйді қапталған күрішпен де тартты. Автордың айтуынша, сонда 5 кг күріш дәмді болып піседі.

@dumanaubakir Ответ пользователю @Symbat.. бомады бұл 🤣 #рек #elbruso #blogect ♬ оригинальный звук - Думан Аубакир

Макси шаймен, гориламен, қаламмен, жемішкемен көрдік. Тағы не бар, - дейді оқырман.

@mukanovv Ответ пользователю @Kassenov.00 @MaxiЧай Казахстан ✨️ #бутылка #короглы #алматы #домбыра #ойанқазақ ♬ оригинальный звук - Mukanov Abylai

Енді бірі «ұлттық аспаптарымыз көбейіп жатыр» деді. Ешкімнің ойына келмеген заттың бірі «теннис ракеткасы» болды. Адай күйін орындаған шеберге біразының жаны ашып «саусағы аман ба екен» деді сондай-ақ «мен бұл өмірде көп көріп қойған сияқтымын», «регімнің бәрі...» деп пікір жазды.

Өзгелердің жаңалығы