Талғат Теменов мемлекетаралық сыйлыққа ие болды

22 Тамыз 2020, 23:33
2193
Бөлісу:
Талғат Теменов мемлекетаралық сыйлыққа ие болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Талғат Теменов «Достастық жұлдыздары» мемлекетаралық сыйлығына ие болды, деп жазды ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Facebook-тегі парақшасында. 

Достар, жағымды жаңалықпен бөліскім келіп отыр. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының көркем жетекшісі, сүйікті кино және театр режиссёрі Талғат Теменов «Достастық жұлдыздары» Мемлекетаралық сыйлығына ие болды.

Бұл сыйлықты ТМД елдерінің Гуманитарлық ынтымақтастық кеңесі және ТМД қатарындағы мемлекеттердің Мемлекетаралық қоры тағайындаған. «Достастық жұлдыздары» ғылым және білім, мәдениет және өнер, гуманитарлық қызмет саласындағы жетістіктер үшін беріледі.

Талғат Досымғалиұлы мәдениет пен өнер саласы бойынша «Достастық жұлдыздары» мемлекетаралық сыйлықтың лауреаты атанды. Бұл сыйлық ТМД кеңістігінде мәдениет және мәдени мұра саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететін шығармашылық жұмыстар мен туындылар арқылы мәдениет пен өнерге қосқан зор үлес үшін ұсынылады.

Талғат Досымғалиұлын осы сүбелі жетістігімен шын жүректен құттықтаймын және барша бастамаларына сәттілік тілеймін!, - деп жазды Ақтоты Райымқұлова.

Өзгелердің жаңалығы