Талғарда 17 жастағы қыз көпірден секіріп кетті

12 Наурыз 2020, 10:41
1809
Бөлісу:
Талғарда 17 жастағы қыз көпірден секіріп кетті
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Талғардың орталығында 2003 жылғы қыз бала көпірден секіріп кетті.

Оқиға 11 наурызда болған. Жасөспірімді ешкім құтқара алмаған.

Алматы облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, сағат 17:45 шамасында 2003 жылы туған кәмелеттік жасқа толмаған қыз өзіне қол жұмсаған.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Істің мән-жайы анықталуда, - деді ведомствода.
Әлеуметтік желіде оқиға орнынан видео тараған болатын. 



Өзгелердің жаңалығы