Таксисті аяусыз өлтірген қаскөйлерге үкім кесілді

12 Ақпан 2024, 13:56
719
Бөлісу:
Таксисті аяусыз өлтірген қаскөйлерге үкім кесілді
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Алматы қаласы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сот такси жүргізушінісінің өліміне қатысты қылмыстық істі қарастырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Г. және Х. есімді азаматтарға таксисті өлтірді деген айып тағылды. Оларға қатысты ҚР ҚК 99-бабы, 2-бөлімі, 200-бабы, 2-бөлігі, 188-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сот 2023 жылдың жазында Г. және Х. есімді азаматтар арам пиғылдарын жүзеге асыру үшін Шымкенттен Алматыға жеткізетін таксисті шақырады. Діттеген жеріне жеткен соң,  олар алдын ала сөз байласып, 40 мың көлеміндегі жолақыны төлемеу үшін П. есімді таксисті өлтіреді. Сотталушылар жүргізушіге бірнеше рет пышақ сұққан, салдарынан ол оқиға орнында қаза болған. Бұдан кейін олар таксистің көлігін айдап әкетеді, сонымен 80 мың теңге тұратын телефонын ұрлайды, - делінген сот таратқан ақпаратта.

Прокурар сотталушылардың кінәлі деп танып, 10 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза кесуді сұрады. Алайда олар өз кінәсін мойындамады. 

Сот үкімімен Г. және Х. есімді сотталушылар қасақана адам өлтірді деп танылып, әрқайсысы 12 жылға сотталды.

Өзгелердің жаңалығы