Такси жүргізушілерінің назарына!

14 Қыркүйек 2020, 21:45
2291
Бөлісу:
Такси жүргізушілерінің назарына!

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жеке кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар такси тасымалдаушысы ретінде қызметті жүзеге асыруды бастар алдында жергілікті атқарушы органға қызметтің басталғаны туралы хабарлама жіберуге міндетті. Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.

Такси тасымалдаушылары:

1) Жолаушылар мен багажды тасымалдау үшін автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларына сәйкес бірыңғай түсті гаммасы және ерекше белгілері бар таксиді пайдалануға жол бермеуге;

2) такси жүргізушілерін рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық қарап тексеруден автокөлік құралдарын рейс алдындағы техникалық қарап тексеруден өткізуді қамтамасыз етуге;

3) таксидің ақауы болған жағдайда оны уақтылы ауыстыруды қамтамасыз етуге;

4) жолаушыны такси қызметінің құны (бағасы) туралы хабардар етуді қамтамасыз етуге;

5) отыз және одан да көп такси болған кезде әрбір отыз таксиде арнаулы жүріп-тұру құралдарын пайдаланатын мүгедектерді тасымалдауға бейімделген кемінде бір такси болуға тиіс;

6) такси жүргізушілерінің еңбек және демалыс режимінің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.

Сондай-ақ такси тасымалдаушысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді атқарады.

Көлік комитеті жолаушыларды таксимен тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылдың шілде айында аумақтық көліктік бақылау органдарына санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарымен және басқа да құзыретті органдармен бірлесіп такси тасымалдаушыларына қатысты рейдтік тексерулер жүргізу туралы нұсқау берді.

Өткізілген іс-шаралардың нәтижелері бойынша такси автокөліктерінде 400-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, 5,5 млн.теңге сомасына айыппұл салынды.

Оның ішінде, Шымкент қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы (бұдан әрі – Инспекция) 150 бұзушылықты анықтады, 1,7 млн.теңге сомасына айыппұл салынды, оның ішінде такси тасымалдаушыларына қатысты 20 әкімшілік материал такси қызметінің басталғаны туралы хабарлама жібермей кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін сот органдарына жіберілді.

Сондай-ақ, инспекцияға қатысты қолда бар ақпаратқа сәйкес, «Яндекс такси» тасымалдаушылары жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау қағидаларын бұзғаны үшін Инспекция ресімдеген әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды жарамсыз деп тану туралы үш талап арыз берді. Инспекция әкімшілік хаттамаларды ресімдеген сотпен заңды деп танылды.

Сонымен қатар, Инспекция такси тасымалдаушыларымен автомобиль көлігі саласындағы заңнаманың талаптарын түсіндіру бойынша бірқатар кездесулер өткізді.

Көліктік бақылау бекетінде және Иснпекция ғимаратында бөгде адамдардың болу фактісі бойынша қызметтік тергеу жүргізілетін болады.

Көліктік бақылау органдары осы бағыттағы жұмысты жалғастыратын болады.

Өзгелердің жаңалығы