Таиландта түнгі клубтағы өрттен 13 адам қаза болды

6 Тамыз 2022, 00:16
1141
Бөлісу:
Таиландта түнгі клубтағы өрттен 13 адам қаза болды

Таиландта түнгі клубтағы өрттен 13 адам ажал құшты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Полиция көңіл көтеру орны кісі шамадан тыс көп болғанын және құрбандардың барлығы жергілікті тұрғындар екенін айтады. 

Тағы 35 кісі жарақат алған. Қайғылы оқиға Чонбури провинциясында болған. Ассоушиейтид Пресс агенттігінің хабарлауынша, өрт таңға қарай басталған. 

Әзірге оттың шығу себебі белгісіз. Тергеу амалдары басталды.

Өзгелердің жаңалығы