Таиландта танкер жарылып, өртке оранды

17 Қаңтар 2023, 20:46
866
Бөлісу:
Таиландта танкер жарылып, өртке оранды

Таиландта танкер өртеніп, 1 адам қаза тапты және 4 кісі жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Хабар 24»-ке сілтеме жасап. 

Тағы 7 жұмысшы із-түссіз жоғалып кетті. Апат Самутсонгкхрам провинциясындағы «Мае Клонг» өзенінде болды. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, жүк кемесінде өрт басталмас бұрын жарылыс естілген. 

Бірақ танкер айлақта жөндеуде тұрғандықтан ешқандай шикізат болмаған. Қазір апаттың себептері анықталып жатыр. Жарылыстың күшті болғаны соншалық бірнеше шақырым жердегі үйлердің терезелері сынып, бүлінген. 

Өзгелердің жаңалығы