Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таиландта коронавирусқа байланысты төтенше жағдай режимі жаздың соңына дейін ұзартылады, деп хабарлайды "Хабар 24".
Бұл туралы елдің Премьер-министрі хабарлады.Еске сала кетейік, елдегі төтенше жағдай осымен төртінші рет ұзартылып отыр. Алғаш рет ол наурызда енгізілген. Елде 3 мыңнан астам азаматтан қауіпті вирус табылып, 58 адам көз жұмды.