Таиландта елдің жаңа патшасын ұлықтау рәсімі өтіп жатыр

5 Мамыр 2019, 11:03
2053
Бөлісу:
Таиландта елдің жаңа патшасын ұлықтау рәсімі өтіп жатыр

Алматы, BAQ.KZ. Таиландта елдің жаңа патшасы Рама Оныншыны ұлықтап, тәж кигізу салтанаты өтіп жатыр. Бұл туралы «Хабар 24» хабарлады.

Шара үш күнге созылады. Арнайы рәсім кезінде Маха Вачиралонгкорнның басына 7 келіден асатын тәж кигізілді.

Осыдан кейін Рама Оныншы алғашқы жарлығын жариялап, елде азаматтардың құқықтарын сақтауға ант етті. 

Ал өткен сәрсенбі күні Рама Оныншы өзінің қауіпсіздік қызметінің басшысы Сутхида Тиджаймен некеге отырған. Осы ұлықтау салтанатынан кейін ол патшайым Сутхида деген есімге ие болады. 

Айта кетейік, ханзада Вачиралонгкорн 1972 жылы тақ мұрагері деп жарияланған. Бірақ таққа 2016 жылы әкесі патша Пхумпион Адульядет қайтыс болған соң отырды.

Өзгелердің жаңалығы