Таиланд туризмді дамыту үшін алкоголь салығын төмендетуге шешім қабылдады

4 Қаңтар 2024, 04:40
423
Бөлісу:
Таиланд туризмді дамыту үшін алкоголь салығын төмендетуге шешім қабылдады
Фото: архив

Таиландтың министрлер кабинеті туризмді дамыту үшін алкогольдік сусындарға салықты азайтуды мақұлдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Bangkokpost.com ақпарат көзінің хабарлауынша, Таиланд шенеуніктері қазіргі уақытта 54 және 60 пайызға бағаланған шарап импортына баж салығы бір жылға алынып тасталатындығын айтқан.

Үкімет өкілі Чай Вачаронке журналистерге Шағын өндірушілерге көмектесу үшін шарапқа акциз 10 пайыздан 5 пайызға дейін және жергілікті спирттік ішімдіктерге 10 пайыздан нөлге дейін төмендетілетінін айтты. Билік акциз салығынан болатын шығын туристік шығындардың артуы есебінен өтеледі деп күтуде.

Өзгелердің жаңалығы