Таиланд қазақстандықтар үшін визасыз мерзімді қысқартты

16 Қыркүйек 2026, 16:40
АВТОР
 ©BAQ.KZ коллажы 16 Қыркүйек 2026, 16:40
16 Қыркүйек 2026, 16:40
1389
Фото: ©BAQ.KZ коллажы

15 қыркүйектен бастап Қазақстан азаматтарының Таиландта визасыз жүру мерзімі 60 күннен 30 күнге қысқарды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсенов мәлімдеді.

Бұған дейін Таиланд 93 ел мен аумақтың азаматтарына, оның ішінде қазақстандықтарға да 60 күндік біржақты визасыз режим енгізген болатын. Алайда Таиланд билігі бұл тәртіпті қайта қарап, көші-қон саясатына өзгеріс енгізді.

Тай тарапының түсіндіруінше, шешім ұлттық қауіпсіздік, туризм мен экономикалық мүдделер, өзара қағидат және визасыз режимдердің қайталануын болдырмау қажеттілігіне байланысты қабылданған. Жаңа талаптар 2026 жылғы 15 қыркүйектен бастап күшіне енді. 

Фото: ©BAQ.KZ/Аида Батухан

Енді Қазақстан азаматтарына Қазақстан Республикасы мен Таиланд Корольдігі үкіметтері арасындағы ұлттық паспорт иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім қолданылады. Аталған келісімге сәйкес, қазақстандықтар Таиландта елге кірген күннен бастап 30 күнтізбелік күнге дейін визасыз бола алады, - деді Жанболат Үсенов.

Сонымен қатар Таиланд аумағында визасыз болудың жалпы мерзімі әрбір 180 күндік кезең ішінде 90 күннен аспауға тиіс. Яғни бұрын Қазақстан азаматтары Таиландта 60 күнге дейін визасыз жүре алса, енді бұл мерзім 30 күнмен шектеледі.

30 күннен артық болуды жоспарлаған азаматтарға тиісті визаны алдын ала рәсімдеу қажет, - деді СІМ ресми өкілі.

Еске сала кетейік, Қазақстандықтарға Жапония визасын алу тәртібінің өзгеретіні ескертілді. Жаңа тәртіпке сәйкес, визаға құжат тапсыратын азаматтарға нөмірлік талондар беріледі. Талондар құжат қабылданатын күні сағат 09:30-дан бастап күту залында таратылады.

Тағы оқи отырыңыз: Қазақстандықтар Грузия мен Индонезияға визасыз бара алады – СІМ 

Таиландта визасыз жүру мерзімі қысқарады: жаңа ережелер 15 қыркүйекте күшіне енеді 

Наверх