Тағылымы мол тарихи кездесу

15 Қазан 2022, 09:53
1854
Бөлісу:
Тағылымы мол тарихи кездесу
PHOTO

Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына орай, Мәдениет және спорт министрлігі Геральдикалық зерттеулер орталығы мен  М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінің ұйымдастыруымен «Елдік негізі. Бабадан қалған белгі» атты рухани-танымдық кездесу өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Республика күні қарсаңында өткен шараның мақсаты – мемлекеттік рәміздерді насихаттау және оларды қолданудың нормативтік-құқықтық жүйесін түсіндіріп, мемлекеттік маңызы бар қазақ геральдикасын жастарға таныстыру.

Тағылымы мол тарихи кездесу

Кездесуге белгілі түрколог ғалым, профессор Қаржаубай Сартқожаұлы, Елтаңба авторы, профессор Жандарбек Мәлібекұлы, Геральдикалық зерттеулер орталығының директоры Асылбек Байжұма, М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті басқарма төрағасының орынбасары Айнұр Кәрібозова және ұстаздар қамы мен студент жастар қатысты.

Шара аясында қатысушылар қазақ геральдикасының тарихынан сыр шертетін «Тарих және таңба» көрмесін тамашалады.

Тағылымы мол тарихи кездесу

Ғалымдар қазақ геральдикасының тарихы мен маңызына тоқталып, тұщымды ойларымен бөлісті.

Кездесуде студент жастарға орталық мамандары дайындаған ел рәміздерін пайдалану тәртібі, мемлекеттік рәміздерге қатысты құқықтық нормалар туралы арнайы роликтер көрсетілді.

Тағылымы мол тарихи кездесу

Орталық директоры Асылбек Байжұма студент жастарды қазақ геральдикасының арғы-бергі тарихына назар аудартып, толыққанды тарихи мағлұматтар берді.

Тағылымы мол тарихи кездесу

Жастар үшін патриотизм деген құр сөзбен позициясын айтып ұрандату емес, сапалы білім алып мемлекеттің дамуына өз үлесін қосатын азамат ретінде, отаншылдық көзқарасын өз ісімен дәлелдеу. Бұл іс өзіміздің елдігімізді құрметтеуден басталады. Тарихымыз бен мәдениетіміздің, ұлттық дүниетанымымыз бен руханиятымыздың образды бейнесі болған ел рәміздеріне құрметпен қарау – әрбір азаматтың асыл борышы болмақ, – деп атап өтті Асылбек Байжұма.

Өзгелердің жаңалығы