Тағы да шахтер қайтыс болды. Бұл жолы Ақтөбеде

22 Желтоқсан 2022, 10:49
955
Бөлісу:
Тағы да шахтер қайтыс болды. Бұл жолы Ақтөбеде

Ақтөбе облысындағы алтын өндіретін шахтада 48 жастағы жұмысшыны жүк таситын техника басып кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға болған шахта АltynEx Company кәсіпорнына қарайды. Қазір Мұғалжар ауданындағы кен орнында тексеру жүріп жатыр.

Еңбек инспекторларының сөзінше, электр маманы шахтадағы желдеткіш жанында кабель жөндеп жатқан. Жүк көлігінің келіп қалғанын аңғармаса керек. Ал ауыр техника тізгініндегі жүргізуші де жолындағы адамды байқамадым деп отыр.

Осы оқиғаға қатысты арнайы комиссия құрылды. Жыл басынан бері Ақтөбе облысындағы өндіріс орындарында 68 оқыс оқиға болып, 13 жұмысшы қаза тапқан.

Өзгелердің жаңалығы