Тағы бір қаржы пирамидасының басшылары ұсталды

20 Сәуір 2023, 15:31
603
Бөлісу:
Тағы бір қаржы пирамидасының басшылары ұсталды
Фото: kzvesti.kz

«Chia Tai Tianging» қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша тергеу ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті жүргізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кәсіпорын тағамдық қоспалар мен басқа да дәрі-дәрмектерін өндіруге инвесторлардан қаражат тартқан. Өзінен кейін адамдарды алып келген салымшыларға бонус төлеу уәде етілді.

Айта кету керек, «Chia Tai Tianging» Қазақстан аумағында заңды тұлға ретінде тіркелмеген. Қазіргі уақытта ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті аталған серіктестіктің екі белсенді басшысын ұстап, олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Басқа ұйымдастырушыларды анықтап табу бойынша іс-шаралар жалғасып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы