"Тағдыршешті саяси науқан". Билік өкілдері референдум туралы не дейді

Бүгiн, 13:56
152
Бөлісу:
"Тағдыршешті саяси науқан". Билік өкілдері референдум туралы не дейді
PHOTO
Фото: Арман Мухатов

АЭС бойынша референдум 400 күндей талқылауда болды. Бүгін халықпен бірге билік өкілдері де сайлау учаскесіне барып, таңдауларын жасады. Олар айтулы күнде азаматтарды да белсенді болуға шақырды. Өйткені бұл саяси науқан – еліміздің даму бағыт-бағдарын айқындайды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Президент орталығында орналасқан №211 референдум учаскесіне барып, таңдауын жасаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев референдум – тікелей демократияның өте тиімді тетігі деп атап өтті.

Халқымыз қандай шешім қабылдаса, мемлекетіміздің түпкі байламы да солай болады. Нәтиже оң болады деп ойлаймын. Шын мәнінде, бұл – тағдыршешті оқиға. Сондықтан мен референдумды қолдаймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тоқаев "Халық қолдаса, АЭС құрылысын қай ел жүргізеді?" деген сауалға да тоқталды.

"Тағдыршешті саяси науқан". Билік өкілдері референдум туралы не дейді
Ақорда

Менің пікірімше, Қазақстанда ең озық технологиялары бар әлемдік компаниялардан құралған халықаралық консорциум жұмыс істеуі қажет, - деді Мемлекет басшысы.

Бүгін еліміз үшін тарихи күн. Елімізде жалпыұлттық референдум өтіп жатыр. Бұл референдум Қазақстанның демократиялық даму жолындағы маңызды қадам деп қабылдауға әбден болады. Бүгін біз Президентіміздің айқындаған “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасының жүзеге асырылып жатқанын көріп отырмыз. Өз таңдауын жасаған Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев еліміздің алдағы жылдардағы даму бағдары айқындалатынын, сондықтан әр азаматтың сайлауға қатысуы маңызды екенін айтты.

"Тағдыршешті саяси науқан". Билік өкілдері референдум туралы не дейді

Бүгін еліміз үшін маңызды әрі тарихи күн. Елімізде жалпыұлттық референдум өтіп жатыр. Бұл референдум Қазақстанның демократиялық даму жолындағы маңызды қадам деп қабылдауға әбден болады. Бүгін біз Президентіміздің айқындаған “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасының жүзеге асырылып жатқанын көріп отырмыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел болашағына қатысты мәселелерге келген кезде тек мемлекеттік органдардың аясында емес, жалпыхалықтық пікірді ескеріп барып шешім қабылдау керегін айтқан еді. Қазіргі таңда бұл ұстаным жүзеге асып жатыр, – деді Мәулен Әшімбаев.

Еліміздегі науқанға 30 шет мемлекет пен 4 халықаралық ұйым атынан 177 байқаушы қатысып жатыр. Сонымен бірге мыңдаған отандық бақылаушылар қатысуда. Қоғам белсенділігі де жоғары деңгейде. №163 сайлау учаскесінде дауыс берген Ерлан Қошанов еліміздің болашағына қатысты үлкен шешім қабылдануда екенін айтады. Мәжіліс спикері басты мақсат – әр адамның мемлекеттің саяси өміріне еркін қатысуын қамтамасыз ету дейді. Ал, бүгін ол іске асып жатыр.

"Тағдыршешті саяси науқан". Билік өкілдері референдум туралы не дейді
Мәжіліс

Өңірлерден келіп жатқан ақпараттарға қарағанда, белсенділік өте жоғары. Халық мемлекетіміздің болашағы үшін дұрыс таңдау жасайды деп ойлаймын, – деді журналистердің сұрағына жауап берген Ерлан Қошанов.

Үкімет басшысы Олжас Бектенов те Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайы ғимаратында орналасқан №61 сайлау учаскесінде дауыс берді.

"Тағдыршешті саяси науқан". Билік өкілдері референдум туралы не дейді
Үкімет

Референдум жан-жақты талқыланды. №164 дауыс беру учаскесінде өз таңдауын жасаған Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин осылай деді. Оның айтуынша, АЭС бойынша референдумда азаматтарымыздың шынайы пікірі қажет. Қарин референдум халық арасында 402 күн бойы талқыланғанын атап өтті.

"Тағдыршешті саяси науқан". Билік өкілдері референдум туралы не дейді

Әр референдумда маңызды мәселе көтеріледі. Сондықтан барша азаматтарды референдумға келіп, өз шешімдерін шығарып, дауыс беруін сұраймын. Референдумда көтерілген сұрақтан бөлек референдумның өзі де маңызды. Байқасаңыздар, Қазақстан ТМД кеңістігіндегі осындай өзекті сұрақ аясында референдум өткізіп жатқан жалғыз ел, - деді Қарин.

Өзгелердің жаңалығы