жол
-
-
Жабылған жолдар ашылды: Жүргізушілерге маңызды жаңалық
2026 жылғы 10 ақпан сағат 14:00-де бірнеше республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Қазавтожолға сілтеме жасап.
10.02.2026
-
Қазақстанда жолдар жаппай жабылды: Қолайсыз ауа райы қозғалысты тежеді
2026 жылғы 9 ақпанда ауа райының күрт нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар бірқатар автожол учаскелерінде көліктің барлық түрі үшін уақытша қозғалыс шектеуі енгізілді. Шектеулер Қарағанды, Павлодар, Жамбыл, Ақмола және Абай облыстарын қамтыды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
09.02.2026
-
Электросамокаттар көлікке теңестіріледі: Жаңа ереже не береді, не шектейді?
тан қалаларында электросамокатқа міну күнделікті көрініске айналды. Бірі оны кептелістен құтқаратын ыңғайлы көлік деп санаса, енді бірі жаяу жүргінші үшін қауіпті құралға айналды. Соңғы жылдары жол-көлік оқиғаларының артуы, тәртіпсіздік пен жауапсыздық қоғамда қызу талқыланып келеді. Осыған байланысты 2026 жылғы 1 шілдеден бастап электросамокаттарды пайдалану тәртібі өзгереді. Жаңа нормалар не үшін қажет, нақты не өзгереді және бұрынғы қандай ережелер сақталады? BAQ.KZ тілшісі зерттеп көрді.
09.02.2026
-
Қызылордада жол апатынан 20 жастағы жүргізуші қаза тапты
Оқиға 2 ақпан күні сағат 13:45 шамасында Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Шаған ауылының тұсындағы «Қарабұтақ–Қызылорда–Шымкент» тас жолында болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
03.02.2026
-
Қазақстанда ақылы жолдардың бірқатары тегін болады
Республикалық маңызы бар бірнеше ақылы автожол учаскелерінде қозғалыстың қауіпсіздігі мен үздіксіздігіне әсер ететін дефекттер анықталған. Осыған байланысты, Көлік министрлігі Автокөлік жолдары комитетімен бірлесе отырып, ақау тіркелген ақылы учаскелердің кейбір бөліктерінде уақытша жол ақысы алынбайтынын мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
03.02.2026
-
Ауа райынан республикалық жолдарда қозғалыс қиындайды
"ҚазАвтоЖол" баспасөз қызметі республикалық автожолдардағы ауа райы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
26.01.2026
-
Үш облыста жол қозғалысы шектелді
«ҚазАвтожол» ұлттық компаниясы 21 қаңтар 2026 жылы сағат 21:00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты дизель қозғалтқышы бар автокөліктер мен қоғамдық көліктер үшін жол қозғалысын шектеу енгізілгенін хабарлады. Бұл шектеу республикалық маңызы бар бірнеше жол учаскелерінде күшіне енді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
21.01.2026
-
Қазақстанның 13 өңірінде тас жолдарда ауа райы күрт нашарлайды
21 қаңтар күні Қазақстанның республикалық маңызы бар автожолдарында ауа райының қолайсыздануы болжанып отыр. Синоптиктердің мәліметінше, бірқатар өңірде қар жауып, боран соғады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
21.01.2026
-
Қазақстанның барлық автожолында мобильді байланыс пайда болмақ
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен «Транстелеком» АҚ (ТТС) Қазақстан автожолдарының бойында тұрақты мобильді интернет пен байланысты қамтамасыз ететін телекоммуникациялық инфрақұрылым салу туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
19.01.2026
-
Ақтөбе облысында жедел жәрдем әйел мен нәрестені ауруханаға жеткізе алмады
Ақтөбе облысында жедел жәрдем боранға байланысты әйел мен нәрестені ауруханаға жеткізе алмай, құтқарушылар оларға көмек көрсеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
16.01.2026
-
Астанада жолда атыс болып, полиция қызметкері жарақат алды
Әлеуметтік желіде Астанада болған қарулы оқиға туралы ақпарат тарады. Оқиға салдарынан Ішкі істер министрлігінің арнайы бөлімшесінің қызметкері жарақат алған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
14.01.2026
-
Жол, теміржол және авиация: 2026 жылы көлік саласында қандай жобалар іске асады?
Қазақстанда көлік инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары қарқын алып келеді. 2026 жылдың бюджетін қалыптастыру аясында Көлік министрлігіне 887 631 млн теңге көлемінде қаражат бөлінді. Қаржы қай салаларды дамытуға бағытталады? Министрлік BAQ.KZ тілшісінің сұрақтарына жауап берді.
14.01.2026
-
Қарағандыда 50 адам мінген автобус жолдан шығып кетті
Шахтинск маңында 50 жолаушысы бар автобус күтпеген жағдайға тап болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
12.01.2026
-
Айыппұлмен шешілмейді: Көлік министрлігі жол қауіпсіздігін қалай өзгертпек?
Қазақстанда соңғы бес жылда автокөлік саны 1,7 миллионға артты. Бұл өсім жол инфрақұрылымына қаншалықты салмақ салып отыр? Жол апаттарының азаюына не әсер етті және қауіпсіздікті күшейту үшін қандай жүйелі шаралар қабылданып жатыр? Осы және өзге де сұрақтарға Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Мақсат Баяхмет жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
09.01.2026
-
Қазақстандағы ең танымал ақылы автожолдар белгілі болды: Алматы – Қонаев көш бастап тұр
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының мәліметінше, елдегі ақылы автожолдар арасында сапар саны бойынша көшбасшы – Алматы - Қонаев бағыты. 2025 жылы бұл учаске арқылы 11,8 миллион сапар жасалған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
09.01.2026
-
2026 жылы Қазақстанда ақылы автожолдар желісі кеңейеді
Биыл Қазақстанда республикалық маңызы бар бірқатар автожол ақылы режимге көшеді. Бұл шешім жол инфрақұрылымын ұзақ мерзім бойы сапалы деңгейде ұстау, жөндеу мен қызмет көрсетуге тұрақты қаржы көзін қалыптастыру және мемлекеттік бюджетке түсетін жүктемені азайту мақсатында қабылданып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
05.01.2026
-
Қарағанды облысының жолдарында алғашқы жедел жәрдем көлігі пайда болды
Қарағанды облысының Шет ауданында өңірдегі алғашқы арнайы жедел медициналық көмек және реанимация көлігінің трассалық медицина-құтқару қызметіне тапсырылу салтанаты өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
05.01.2026
-
2026 жылы Қазақстанда 11 мың шақырымнан астам жол салынады
Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде елімізде өңірлер арасындағы көлік байланысын нығайтуға, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған автожол инфрақұрылымын жүйелі дамыту жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
04.01.2026
-
Боран, көктайғақ: Бурабайға барған туристер нені ескергені жөн
3–4 қаңтар күндері Ақмола облысында қолайсыз ауа райы күтіледі. Осыған байланысты жол қызметтері Бурабайға демалуға барғандарға ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
03.01.2026
-
1,6 мың шақырым жол, жаңа вагондар: теміржол саласында не өзгереді
Көлік инфрақұрылымын дамыту және Қазақстанның транзиттік әлеуетін нығайту жөніндегі Президент тапсырмаларын жүзеге асыру іс жүзінде орындаудың белсенді кезеңіне өтті. Бұл туралы ҚР көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
02.01.2026
Наверх