мектеп
-
-
Оқу жылы басталғалы елордада қанша мектеп карантинге жабылғаны айтылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өтіп жатқан онлайн брифингте қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова оқу жылы басталғалы бері қанша мектеп карантинге жабылғаны туралы айтты.
12.03.2021
-
2025 жылға дейін 5000 мектеп жаңартылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Үкіметінің отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов осы жылдың соңына дейін 200 жаңа мектепті іске қосу қажеттігін айтты. Сонымен қатар 2025 жылға дейін 5000 мектептің инфрақұрылымы жаңартылатыны айтылды.
11.03.2021
-
Мамин Аймағамбетов пен әкімдерге тапсырма берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР премьер-министрі Асқар Мамин білім беру саласын дамыту мәселелері бойынша Білім министрі мен облыс әкімдеріне тапсырма берді.
11.03.2021
-
Биыл Аралда жаңа мектеп салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Арал қаласындағы №71 мектеп-интернаттың іргетасы қаланады. Бүгінде жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленген. Жобаның жалпы құны 1,3 млрд теңге құрайды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты.
11.03.2021
-
Пaвлодарда мектеп aсханалaры қайта іске қосылды
Пaвлодaр, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар облысында мектеп асханалары қайта іске қосылды. Тамақтану орындары елімізде жарияланған төтенше жағдай режиміне орай жабылған еді.
10.03.2021
-
Биыл Алматы облысында 18 мектеп салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында 5 жылда 27 мың орындық 49 мектеп бой көтерген.
10.03.2021
-
Мусин: Өңірлерде IT-мектептер ашамыз
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жұмыс сапарымен Шымкент қаласында. Ведомство басшысы қаланы цифрландыру барысымен танысып, бірқатар нысандарды аралады.
05.03.2021
-
Санитарлық дәрігердің қаулысы. Мектеп оқушылары қалай оқиды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды.
05.03.2021
-
Түркістан облысында 1-5 сынып оқушылары аралас форматта оқи бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы аумағында санитариялық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруы мен тұрақтануына байланысты 1 наурыздан бастап жалпы білім беретін мектептердің 1-5 сынып және халықаралық мектептердің 1-7 сынып білім алушыларын аралас форматта оқытуға рұқсат етілді. Яғни, пәндердің 70%-ы штаттық режимде, 30%-ы қашықтықтан оқытылады. Бұл туралы облыстық Адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рақымбек Жолаев мәлімдеді.
04.03.2021
-
Аралас форматта оқитын оқушылар қандай форма киеді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингте Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова ата-аналарды мазалап келе жатқан мәселе туралы айтып берді.
02.03.2021
-
1-5 сыныптар аралас форматта оқиды – БҒМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингте айтты.
02.03.2021
-
Елордалық оқушылар 2 наурыздан бастап қалай оқиды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 27 ақпандағы №9 қаулысына сәйкес, санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруы мен тұрақталуын ескере отырып, 2 наурыздан бастап жалпы білім беретін мектептердің 1-5 сынып, сондай-ақ халықаралық мектептердің 1-7 сынып оқушыларын аралас форматта оқытуға рұқсат етілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
01.03.2021
-
Оқушылар мектепте оқи ма, жоқ па? Вице-министр ата-аналарды мазалаған сұраққа жауап берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова Facebook-тегі парақшасында 1-5-сынып оқушыларын аралас форматқа көшіру туралы жазба жариялады.
01.03.2021
-
Нигерияда ұрланған 300 мектеп оқушысы құтқарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 26 ақпан күні Нигерияның солтүстігінде ұрланған 300-ге жуық мектеп оқушысы бүгін босатылды.
28.02.2021
-
Нигерияда мектеп-интернаттан ұрланған 300 оқушы іздестіріліп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл оқиға елдің солтүстік-батысындағы Замфара штатында болды. Билік ұрланған адамдарды іздеу және құтқару операциясын бастады. Ақпан айының басында қарақшылар Нигерияның басқа колледжінен 300-ге жуық адамды ұрлап кеткен еді.
27.02.2021
-
БҚО-да 8 мектепте жылы дәретхана мәселесі шешілмеген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жергілікті атқарушы органдар өткен жылы мектептерді жылы дәретханалармен және бейнебақылау камераларымен қамтамасыз ету бойынша үлкен жұмыс жүргізді, деп хабарлады БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.
25.02.2021
-
Сенатор мұғалімнің құрметіне орай мектепке атын беруді ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенаттың жалпы отырысында депутат сенатор Динар Нөкетаева ҚР Еңбек сіңірген мұғалімі, Социалистік Еңбек Ері Рафика Нұртазинаның құрметіне орай Алматы мектептерінің бірін атауды ұсынды.
25.02.2021
-
Бүгін 0-11-сынып оқушылары мен 1-курс студенттері қашықтан оқиды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы ауа райына байланысты хабарландыру жасады.
25.02.2021
-
Түркістан: Төлеби ауданында биыл 2 мектеп пайдалануға беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түрікстан облысы Төлеби ауданында 2 жаңа мектеп салынып, 1 білім ошағы кеңейтілуде, деп хабарлайды Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.
23.02.2021
-
Оқу жылы басталғалы бері елорда бойынша 79 мектеп карантинге жабылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында «Елордадағы эпидемиологиялық жағдай және карантин режимінің сақталуы» тақырыбы аясында өткен онлайн брифинг барысында айтты.
22.02.2021
Наверх